ШАЙШӨП – АСҚАЗАН БЕЗДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТЕДІ
Категориясы: Өсімдікті
ШАЙШӨП – ЦМИН ПЕСЧАНЫЙ ИЛИ БЕССМЕРТНИК
Ертедегі Римде бұл өсімдікті аса пайдалы деп санаған. Оның күй талғамайтындығы, қоршаған ортаға бейімделгіштігі – табандылықтың, тұрақтылықтың, мәңгілік өмірдің символы сияқты көрінген. Шынында да бұл өсімдіктің гүлі қандай құрғақшылық болса да құмда өсіп тұрып-ақ солу дегенді білмейді. Сондықтан ерте кезден-ақ адамдар бұл өсімдіктің бойынан ғажайып күш, өмірге деген құштарлық іздеген.
Шайшөп – биіктігі 15-20 сантиметр келетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, сыртын киіз тәрізді тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Осы түктер өсімдіктің бойындағы болмашы ғана ылғалдың өзін буланып ұшып кетуден сақтайды. Шайшөптің құрғақшылыққа өте төзімді келетіні де сондықтан. Жапырақтары да түкті, кезектесіп орналасқан, төменгілерінің сағақтары ұзын, жоғарғылары сабақтың өзінде өскен. Гүлдері сары, олар өсімдіктің жоғарғы жағына щетка тәрізденіп, шоқталып өседі. Маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.
Шайшөп құмды жерлерде, аласа төбелердің етегінде, орман ішіндегі алаңдарда өседі. Медицинада шайшөптің гүл шоқтары пайдаланылады. Оның құрамында эфир майлары, флавондар, каротин, аскорбин қышқылдары, илік заттар бар. Гүлдерін әлі ашылып жетілмей тұрғанда қысқа сабағымен қоса жұлып алады да, онша ыстық емес көлеңкелі жерге кептіреді. Кептірілген гүл шоқтарын жәшіктерге салып, үш жылға дейін сақтауға болады.
Шайшөп өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Ол мұнымен қатар несеп айдағыш дәрі ретінде және қан қысымын арттыру үшін де қолданылады. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабынғанда және асқазан, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде-ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны тоқтайды, көз қабыршағының және дененің сарғаюы біртіндеп жойылады. Лабораторияда тексеріп қарағанда өттің құрамының да өзгергендігін байқауға болады.
Шайшөп өт қалтасына тас байланғанда, несеп жолдары және қуық қабынып ауырғанда қолданылса, өте жақсы нәтиже береді. Шайшөптің адам организміне ешқандай зияны жоқ.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Бір ас қасық шайшөптің гүлін алып, 2 стакан суға салады да, 15-20 минут қайнатып, жарты стаканнан күніне 3 мезгіл ішеді. Кейде шайшөптің 4 ас қасығын, қызылбас жоңышқаның 3 ас қасығын, жалбыздың 2 ас қасығын, егістік кориандрдың 1 ас қасығын алып араластырады. Осылардың ұнтақталған бір ас қасығын қайнап тұрғап 1 стакан суға салып, 10 минуттай қайнатады да, тамақтан жарты сағат бұрын жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Бұл шайшөптің өт айдағыштық қасиетін онан сайын күшейте түседі. Үй шаруашылығында шайшөп қара күйеге де қарсы қолданылады.
Жарияланған-2016-07-15 15:13:14 Қаралды-8971
КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді.
ҚАНДАЙ ӨСІМДІКТЕР ПАРАЗИТТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?
Басқа өсімдіктің ұлпаларына жабысып, одан су мен қоректік заттарды бөліп алатын...
ШЫРҒАНАҚ – АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНА ЕМ
Шырғанақ – биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді.
МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ
Махмұд әл-Қашқари - бірнеше түркі тілдерін жақсы меңгерген әйгілі түрік саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдін оңтүстік жағалауында орналасқан Барсхан қаласында дүниеге келген.
ҚАБАНБАЙДЫҢ ТУЫ
1864 жылы қытай басқыншылары бүкіл Шығыс Түркістан аймағына шабуыл жасайды.
ЖҮЗІМ ОЙЛАСЫ
Бұл - қайнатылған жеміс массасы мен жаңғақтан дайындалып, бадаммен және грек жаңғағымен әсемделген тағам.