ТҮЙЕ ТІКЕН –
Категориясы: Өсімдікті
ТҮЙЕ ТІКЕН – ТАТАРНИК КОЛЮЧИЙ
Түйе тікен - биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, жоғарғы жағында бұтақтары көп болады. Сабағының екі жағында ені 1 сантиметрдей, созылған тікенекті үлпілдегі бар. Өсімдіктің өн бойын қысқа түк басқан. Жапырақтары ірі, шеттері тікенді әрі үлкен-үлкен ойықтары бар. Гүл корзеңкелері дөңгелек, шар тәрізді, ашық қызыл түсті болады және олар өсімдіктің жоғарғы жағына орналасқан. Жаз айларында гүлдейді. Ол жолдың жиегінде, тастақты беткейлерде, бос жатқан және егістік жерлерде, далалы аймақтарда өседі.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің гүл кәрзеңкелерін, жапырақтарын гүлдеген кезінде жинап алады. Оның құрамында инсулин, флавондар мен сапониндер, алкалоидтар бар. Жалпы бұл өсімдік аз зерттелген. Ал жүргізілген кейбір зерттеулер түйе тікеннен жасалған дәрілердің жүрек бұлшық еттерінің күшін арттыратын, қан қысымын жоғарылататын, несеп айдайтын, қан тоқтататың, микробтарды жоятын қасиеттерінің бар екендігін анықтады.
Халық медицинасында түйе тікеннің жапырағы мен гүл кәрзеңкелерінің тұнбасы ревматизмді және қуық ауруларын емдеу үшін қолданылады. Бұл өсімдіктің нерв жүйесін тыныштандыратын және тырыспаға қарсы әсер ететін қасиеттері де бар. Дене сыртындағы іріңді жараларды, тері ауруларын емдеу үшін де пайдаланылады. Болгар халық медицинасында жөтелді басу үшін, бронх демікпесін, жүректің қалыптан тыс қатты соғуын емдеу үшіп қолданылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің жапырақтары мен гүл кәрзеңкелерінің ұнтақталған 20 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып жарты сағат тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді. Қуық ауруларын емдеу үшін жасалған осындай тұнбадан 1 стаканнан күніне 3 мезгіл ішеді. Бұл тұнбаны дене сыртындағы жараларды емдеу үшін де пайдалануға болады.
Жарияланған-2016-07-15 15:02:34 Қаралды-13104
ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

Қой мен ешкі көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың ерте замандардан бері малданған түлігінің бірі һәм бірегейі. Қой түлігін қазақ негізгі байлықтың көзі санап: «Қой - байлық, жылқы сәндік», «Қойлы бай, қорлы бай» деген.
АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.
ТАМИМ ИБН БАХР

IX ғасырдың басында Араб халифатының өкілі Тамим ибн Бахр Кимек (Қимақ) қағандығына саяхат жасайды. Түркі тілдес кимектер Шығыс және Орталық Қазақстан жерін, Ертістің орта алабын мекендеген. Тамим ибн Бахр Ұлы Жібек жолында орналасқан белгілі Тараз қаласы
ШЕЛПЕК НАНЫ

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.
ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты.
БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!