UF

ТАСШӨП – КӨКЖӨТЕЛДІ ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


ТАСШӨП – ЧАБРЕЦ, ТИМЬЯН ПОЛЗУЧИЙ

Тасшөп – биіктігі 10-15 сантиметрге жуық, мәңгі көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Сабағы қатайып кеткен, одан өсіп шығатын төрт қырлы жіңішке бұтақтары бар. Жапырақтары майда, эллипс тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, сағақтары қысқа, шеттері тұтас. Гүлдері майда, қос ерінді, ашық қызыл түсті, бұтақтарының ұш жағында шоғырланын тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Құмды жерлерде, тастақты беткейлерде, далалы аймақтарда, төбелердің басында, бұталардың арасында, орманды алқаптарда өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жоғарғы жағын - гүлдеп тұрған бөлігін пайдаланады. Ал оның құрамында эфир майлары, ащы және илік заттар, камедь, флавоноидтар, урсоль және олеаноль қышқылдары, майлар, минералды тұздар бар.

Тасшөптен жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, ауырған жерлерді және нерв жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін қасиеттері бар. Осыған байланысты өкпе және тыныс жолдары жәпе шонданай нервісі қабынғанда қолданылады. Сонымен қатар шөппен көкжөтелді, бүйрек ауруларыи, құрқұлақты да емдейді. Асқазап және ішек түймеп ауырғанда, ұйқы қашқанда да бұл өсімдіктің тигізетін шипалық қасиеті мол. Буындар сырқырағанда тасшөптің спиртті тұнбасын жағуға болады. Өсімдіктің тұнбасымен дене сыртындағы жарақаттарды да емдейді. Маскүнемдікті емдеу үшін мынадай қоспа жасап пайдаланады: тасшөптің 4 ас қасығына жусанның бір ас қасығын, толғақшөптің 1 ас қасығын қосып араластырады да, осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға жарты сағат тұндырады. Даяр болған дәріден күніне 1 ас қасықтан 3 мезгіл ішеді. Емдеу мерзімі – 2-3 ай.

Кейбір ғалымдар тасшөпті гипертония, атеросклероз, асқазан және ішек ауруларын емдеу үшін пайдаланады (Н.Г.Ковалева).


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің 15 грамм ұнтағын қайнап тұрған 1 стакан суға салып жарты сағат тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне үш рет ішеді. Өсімдіктің 10 грамм ұнтағын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, осы спиртті тұнбаны 15 тамшыдан күніне 3 мезгіл ішеді.

  Жарияланған-2016-07-15 00:36:11     Қаралды-4608

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТӨЛЕГЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ

...

Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы (1940-2001) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТІС ӨЗЕНІ

...

Ертіс - республикамыздағы ең үлкен өзен. Ұзындығы - 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы - 1700 км. Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанның шығысынан өтеді де, Ресей аймағындағы Обь өзеніне келіп құяды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Сонымен түйме не үшін қажет?

...

Пиджактың ең астындағы түймесін этикетке сәйкес түймелемеуді барлығы біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Бал қандай болуы керек?

...

Шығыстың кейбір тағамдарын жасағанда оларға өзіндік дәм және хош иіс беру үшін бал қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАТАҒА СУРЕТ САЛАДЫ МА?

...

Суретшілер өз шығармаларын көбіне-көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға («холст») салады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

УАҚЫТ КЕЗЕҢ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕДІ: КЕМЕ

...

Уақыт кезең әлемді өзгертеді: кеме

ТОЛЫҒЫРАҚ »