UF

ТАСЖАРҒАН - АСҚАЗАН ЖҰМЫСЫН РЕТТЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


ТАСЖАРҒАН - БЕДРЕНЕЦ КАМНЕЛОМКОВЫЙ

Тасжарған – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 75 см-ге дейін жетеді. Негізгі тамыры бұтақты, бірнеше мойын тамырлы, түсі қоңыр. Сабағы тік, іші қуыс, сыртында қысқа түгі, сабағының ұзына бойына созылған жыралары бар. Жапырақтары екі түрлі: төменгілері жұмыртқа тәрізді, шет шетінде доғалдау келген тістері болады, жоғарғы жапырақтары үш салалы. Гүлдері ақ, шатыр сияқты бір жерге жиналып тұрады. Тасжарған пимпинелла майсым айынан қазан айына дейін гүлдейді. Дәрілік мақсат үшін оның тамырын кузде немесе ерте көктемде қазып алады.

Тасжарған халық медицинасында қақырық түсіретін, зәр жүргізетін, асқазан жұмысын реттейтін, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Мұны ішу әсіресе, дауыс қарлыққанда өте жақсы нәтиже береді. Ол үшін тұнбаның 15 тамшысын жөке гүлінен жасалған терлететін дәріге қосын ішу керек. Бұл өсімдіктің тамыры суда өте нашар еритіндіктен дәріні оның тамырын көбінесе араққа немесе спиртке еріту арқылы жасайды. Ол үшін 20 грамм ұнтақталған тамырды 50 ғрамм араққа салып, 7-10 күн ұстайды, даяр болған тұнбадан 30 тамшыдан күніне 4-5 рет ішеді.

Қуыққа тас байланғанда тасжарған мен итмұрынды теңдей етін алып, оны шай ретінде ішеді. Бұл шайдың 1 стаканына 1 қасық таза бал қосса, өте жақсы нәтиже береді.

  Жарияланған-2016-07-15 00:26:25     Қаралды-5982

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҮЛДІРГЕН ПЮРЕСІ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Тазартылып, жуылған күріш суға салынады. Ол шала пісіріледі де сүт құйылып, әбден қайнатылады. Үстіне сарымай салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША 4 ТҮРЛІ САЛАТТАР

...

Жыл мезгілдері аталымы бойынша 4 түрлі салаттар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАПУСТА ҚҰЙМАҒЫ

...

Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Спелеология - үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім. Бұл - дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеологияның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға өріс ашып беріп отыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰНАН БӘЙГЕ

...

Бәйгеге қатысатын құнанға шабандоз бала мінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ СІЛІКПЕСІ

...

Сүт қайнатылып, оған құм шекер мен ванилин салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »