UF

СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

Категориясы: Өсімдікті


СӘБІЗ – МОРКОВЬ ПОСЕВНАЯ

Сәбіз сабағының биіктігі 1 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан, етті тамырынан бірнеше жапырақтар шығады. Екінші жылы сабағы өсіп гүлдеп, жеміс береді. Сабағы тік, жайыла өскен, қырлы, өн бойын қолға қатқылдау тиетін түк басқан. Жапырақтары сопақша, қауырсын тәрізді тілімделген, сағақтары ұзын, кезектесіп орналасқан, гүлдері ақ, майда шоғыр болып тұрады. Сәбіз көпшілікке белгілі мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін сәбіздің түбір түйнегі мен тұқымы пайдаланылады.

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар. Халық сәбізді несеп жүргізеді, қуықтағы тас пен құмды ерітеді деп есептейді. Сәбіздің тұқымынан жасалған тұнбаны ас қорыту жұмысы бұзылғанда, іш желденгенде, бүйрекке тас байланғанда қолданады.

Халық медицинасында сәбіздің түбір түйінін күйікті, үсігенді және іріңді жараларды емдеу үшін пайдаланады. Рак ауруы кезінде сәбіздің сөлін ішеді. Ғылыми медицинада сәбіздің тұқымынан алынған даукарин деген дәрі қолданылады. Бұл дәрі жүректің қан тамырларын кеңейтіп, ондағы қан айналысын жақсартады. Сәбіздің сөлін қан азайғанда, науқас адамның күш-қуаты кемігенде және жұқпалы аурулардан кейін әлсіреген организмді әлдендіру үшін қолданады. Тіс түбінің еттері және тамақ бездері қабынғанда, ауыз уылғанда да сәбіздің сөлін пайдаланады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Сәбіз тұқымының 1 ас қасығын 1 стакан қайнаған суға салып, түнге қарай жылы пештің ішіне қояды. Осылайша бірнеше стакан дәрі даяр болғаннан кейін оның 3 стаканын бір күн ішінде ыстық күйінде ішеді. Бұл әсіресе, бүйрекке тас байланғанда өте жақсы нәтиже береді.

  Жарияланған-2016-07-14 23:21:56     Қаралды-5291

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

...

Мәнті әр түрлі фарштан дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰМАЙ ҰЯСЫ

...

Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халык «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кактус – мексикандықтардың ең сүйікті жеңсігі

...

Егер үшкір тікендерін алып тастасаңыз кактусты жеуге болады. Оны қуырады, пісіреді, қатырады, шикілей жейді. Тікенді алмұрттардың дәмі керемет. Өсімдікте көп витаминдер мен минералдар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ

...

Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРЕВАН КЯТАСЫ

...

Ашытылған қамырдан қабатталып жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ

...

Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »