UF

САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

Категориясы: Өсімдікті


САРЫМСАҚ – ЧЕСНОК

Сарымсақ – биіктігі 1 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер астындағы түбір түйіні ақ немесе сұр түсті бірнеше майда бөліктерден тұрады. Сабағы жұмыр, ұзынша келген, жіңішке, ұштары сүйір. Гүлдері майда, ақшыл сұр түсті, сабақтарының ұш жағында қолшатыр тәрізденіп орналасқан. Гүл тәжі үш гүл жапырақшасынан тұрады. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Еліміздің барлық түкпірлерінде мәдени дақыл ретінде қолдан егіледі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің түйінін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, азотты қосылыстар, фитостериндер, галлин гликозиді, С, Д, В витаминдері бар.

Халық медицинасында сарымсақты тамаққа тәбет шаптырып, ас қорыту жұмыстарын жақсарту үшін пайдаланады. Сонымен қатар сарымсақтың микробтарды жоятын, несеп айдайтып, ішек құрттарын түсіретін, жүректің бұлшық еттерінің күшін көбейтетін қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді іш өткенде, соқыр ішекке, жоғарғы тыныс жолдары және өкпе қабынғанда емдеу үшін пайдаланады. Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады. Бүйректің және қуықтың көптеген ауруларын, құрқұлақты, безгекті көп уақыттардан бері халық медицинасында сарымсақпен емдеп келген. Ал бүйрекке және қуыққа тас байланғанды, ревматизмді, подаграны сарымсақтың спиртті тұнбасымен емдейді.

Қөптеген зерттеулердің нәтижесінде сарымсақтың құрамынан табылған фитонцид деген ұшпалы заттардың көптеген микробтарды жоятыны анықталды. Сарымсақтың ұнтақталған түбір түйініндегі фитонцидтерді иіскеу арқылы грипті және тамақ бездерінің қабынуын емдейді. Сондай-ақ дене сыртындағы көптеген жазылмай жүрген жараларды, есекжемді, сүйелді емдеуде сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Ол көпшілікке белгілі өт айдайтын аллахол деген дәрінің де құрамына кіреді. Сарымсақты бүйректің кенеттен пайда болған жедел қабынуын емдеу үшін пайдалануға болмайды.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Майдалап туралған сарымсақтың 10 түбір түйінін 1 бөтелке араққа салып 10 күн тұндырады да, жарты шай қасықтан күніне 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-14 23:01:26     Қаралды-4813

Мәлімет сізге көмек берді ма

КЕНДІ ҚАЛАЙ ӨНДІРЕДІ

...

Біз әуелі кен байлығы, яғни қазба байлық дегеніміз не екенін білейік. Біз өмір сүріп жатқан Жер, оның қыртысы алуан түрлі топырақтардан, тастардан, т.б. нәрселерден тұратынын білеміз. Олардың барлығы кен байлығына жатпайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ «КӘРІ» АҒАШ ТАБЫЛДЫ

...

Швейцариядағы бір унивөрситеттің ға лымдары сол елде өсетін ағаштарға санақ жургізу кезінде қылқан жапырақты ең «кәрі» шырша ағашын тапқан. Бұл ағаштың жасын ғалымдар қазіргі кезде қолданылатын радиокөміртегі сараптамалық әдіс бойынша анықталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРБАН АЙТ

...

Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »

14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)

...

Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »