ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫ
Категориясы: Тарих
Шағатай ұлысы - 1260-1346 жылдар аралығында Шығыс Түркістан, Жетісу, Мәуереннахр аумағында салтанат құрған көшпелілер мемлекеті. Бұл ұлыс Шыңғыс ханның екінші ұлы - Шағатай иелігі негізінде пайда болған.
1251 жылы Төленің үлкен ұлы Мөңке ұлы таққа отырып, алып империяны билеген тұста бақталастық өршіп, Шағатай мен Үгедейдің ұрпақтары қуғынға ұшырайды, биліктен аластатылады. Үлыс ресми түрде ғана өмір сүреді. 1259 жылы Мөңке хан қайтыс болады. Енді оның інілері Құбылай мен Арықбұға Шыңғыс хан империясының Ұлы қағаны болу үшін таққа таласады. Кұбылай Пекинге кетіп, Арықбұға империяның бұрынғы астанасы Қарақорымда қалады. 1260 жылы Арықбұға ұлысты басқаруға Шағатайдың немересі Алғұйды тағайындайды. Алғұй бұрынғы Шағатай ұлысын дербес мемлекетке айналдырады.
Мемлекетті 1265 жылы Алғұй өлгеннен кейін Хайду (1267-1301), Дува (1301-1306), Кебек (1308-1326), Тармашырын (1326-1334), т.б. хандар басқарған. XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы екіге бөлініп, батысында Әмір Темір (астанасы - Самарқан) және Моғолстан мемлекеттері (астанасы - Қашқар) пайда болған.
Жарияланған-2015-11-12 16:49:31 Қаралды-27327
АЛАШ ПАРТИЯСЫ

Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.
Кейбір кесірткелер қанмен атқылай алады

Бақа сияқты кесірткелер — игуана тәрізді тұқымдастардың қысқа аяқты және қысқа құйрықты кесірткелер түрі, жыртқыштардан қорғайтын бірегей қабілеті бар.
ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ – ТӘБЕТТІ ҚОЗДЫРАДЫ

Қызыл бұрыштың жемісін азғантай мөлшерде тамаққа салса, тәбетті қоздырады.
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ БАҚТАР МЕН САЯБАҚТАР

Әлемнің ең әдемі бақтар мен саябақтар виртуалды қыдыруға шақырамыз:
ШЕГІРТКЕЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Шегірткелер туралы алғаш рет 8000 жыл бұрын шумер жазбаларында кездеседі.