UF

ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

Категориясы: Өсімдікті


ПИЯЗ – ЛУК РЕПЧАТЫЙ

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады. Гүл сабағының іші қуыс, гүлдері майда, ақшыл, шар тәрізденіп сабақтың ұшында шоғырланып тұрады. Түбір түйнегі шар тәрізді, сыртында сары немесе қызыл қоңыр түсті қабықтары болады. Иісі өткір, дәмі ащы. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Бұл өте кең тараған бақша өсімдігі. Құрамында азотты заттар, қант, минералды тұздар, органикалық қышқылдар, С, В витаминдері, гликозидтер, ферменттер, эфир майлары бар. Дәрілік мақсатқа пияздың түбір түйнегін күзде жинайды. Б.П.Токиннің анықтауы бойынша пияздың құрамында микробтарды жоятын фитонцидтер бар.

Халық медицинасында пиязды тамаққа тәбет шаптыратын, ішек құрттарын түсіретін, құрқұлаққа қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Атеросклероз, гипертония ауруларына қарсы және тоқ ішек қабынуын емдеу үшін де пайдаланады. Пияз асқазан бездерінің жұмысын жақсартады. Жас пияздың сығып алынған сөлін ауыз уылғанда пайдаланады. Іріңді жаралардың жазылуын тездету үшін жас пиязды жаншып жараға таңады. Шаш көп түсе бастағанда да пияздың суын шаштың түбіне жағады. Пияз сабағы сыртындағы қабығының 25 грамын жарты литр қайнаған суға салады да 15 минут тұндырып, шашты жуады. Бұл шашты бекітеді және шаштың арасындағы қайызғақтарды кетіреді. Атеросклерозды емдеу үшін және жөтелді азайтып, қақырықтың түсуін жеңілдету үшін, жас пияздың суы мен балды бірдей етіп араластырып, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.

Грипп ауруын халық арасында былай емдейді: пиязды өте ұсақтап, 3X3 см дәкеге түйеді де, оны күніне үш мезгіл мұрынның ішіне 15 минутқа салып қояды. Тамақ бездері қабынғанда жас пияздың суын 1 шай қасықтан күніне 3 рет ішеді. Ал көзге ақ түскенде жас пияздың суып балмен араластырып емдейді. Пиязды сүтке пісіріп алып шиқанга, іріңді жараларға да таңып қояды. Бірақ пиязды және одан жасалған дәрілерді шамадан тыс кеп мөлшерде пайдалану асқазан, бүйрек және бауыр ауруларын асқындыруы мүмкін.

 

  Жарияланған-2016-07-14 22:26:23     Қаралды-5603

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

...

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)

...

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЛАТ

...

Бұл - ұн мен қантқа аунатып алған өрік сүйектерінен жасалатын тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ

...

Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АҒАШТАР КҮНІ» («ЖЕР КҮНІ»)

...

1872 жылы Небраска штатының (АҚШ) ауылшаруашылық басқармасында Джон Стерлинг Мортонның тікелей ұйтқы болуымен жыл сайын қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасалды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »