UF

ӨГЕЙШӨП – ШАШҚА ЖАҒЫМДЫ

Категориясы: Өсімдікті


ӨГЕЙШӨП – МАТЬ-И-МАЧЕХА

Өгейшөп - биіктігі 15 сантиметрдей, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер астындағы тамыр сабағы етті, бұтақты, көптеген қосымша майда тамырлары бар. Көктемге қарай тамыр сабағынан бір жылдық сабақтары өсіп шығады. Мамыр айының соңына таман бұл сабақтар гүлдейді де, солып қалады. Міне, осы кезде сағақтары ұзын, ұлкен, үш бұрышты дөңгелектеу келген жасыл жапырақтары тамыр сабақтан тікелей өсіп шығады. Жапырақтары үстіңгі жағынан қарағанда қою жасыл түсті болып келеді, төменгі жақтары ақ түсті, ұйысқан қысқа әрі қалың түктері бар. Қол тигізіп көрсеңіз жоғарғы жағы суық, төменгі жағы жылы тәрізді болып сезіледі. Гүлдері сары. Гүл шоғының диаметрі 2,5 сантиметрге жуық. Ерте көктемде гүлдеп, мамыр-маусым айларында жеміс береді. Тұқымдарының жоғарғы жағы айдарлы, түкті болады. Сайларда, өзен жағаларында, аласа төбелердің етегінде өседі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің тамыр жапырағын пайдаланады. Құрамында туссилягин, шырышты заттар, органикалық қышқылдар, илік заттар, сапониндер, эфир майлары, аскорбин қышқылы бар.

Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді. Осыған байланысты онымен асқазанның, ішектің, бүйректің, қуықтың қабынуын емдейді. Сонымен бірге өгейшөптің жапырақтары жоғарғы тыныс жолдары мен өкпе қабынуына, бронх демікпесіне, тамақ бездерінің ауруына шипа. Халық медицинасында өгейшөпті шеменді, туберкулезді, безгекті емдеуге, өт айдауға, тер шығаруға пайдаланады. Өсімдіктің жас жапырағымен дене сыртындағы іріңді жараларды, ісіктерді емдейді. Шашты қайызғақ басып, бас қышитын болса және шаш түсе бастаса екі үйлі қалақайдың және өгейшөптің жапырақтарынан бір-бір ас қасықтан алып, қайнап тұрған 1 стакан суға 20 минут тұндырады да, салқындатып алып шашты жуады. Кейбір ғалымдар өгейшөптің жапырағын гипертония, атеросклероз ауруларын емдеуге қолданып келеді.


Қолдану тәсілі. Өсімдіктің 15 грамм жапырағын 200 мл қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 2-3 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-14 22:16:41     Қаралды-6596

Мәлімет сізге көмек берді ма

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАЛҚАННАН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Қазақ халқының, әсіресе, қарт адамдардың сүйсініп жейтін тағамдарының бірі - тарының талқаны. Талқан қуырып ақтаған тарының сөгінен немесе оның айырып алған жармағынан диірменге тартып жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИЯМПҰР

...

Інжірден жасалып, арасына грек жаңғағы салынған тағамды шығыста осылай атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

...

Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиғалар ән-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Әншілер мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Негізі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨСІМДІК ТЕКТЕС ОЮ-ӨРНЕКТЕР

...

Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар,

ТОЛЫҒЫРАҚ »