UF

ҚЫЗЫЛ ЖӘНЕ АЛТАЙЛЫҚ ДОЛАНА

Категориясы: Өсімдікті


ҚЫЗЫЛ ЖӘНЕ АЛТАЙЛЫҚ ДОЛАНА – БОЯРЫШНИКИ КРОВЯНО-КРАСНЫЙ И АЛТАЙСКИЙ

Олар – биіктігі 4-5 метрге дейін жететін, ағаш тәрізді өсімдік. Бұталарының қабығы жылтыр қоңыр, ұзындығы 3-4 сантиметрдей, жуан әрі түп-тузу тікенектері болады. Жапырақтары қысқа сағақты, жұмыртқаға ұқсас 3-7 салалы, шеттері үшкір тісті, екі жақтарында да аздаған түктері бар. Гүлдері ақ немесе қызыл түсті шоғырлана орналасады, диаметрі 5 сантиметрге дейін жетеді. Гүл жапырақшалары бесеу. Тұқымы – қызыл қоңыр түсті, 3-4 дәнегі бар жеміс. Қызыл долана Алматы облысында өседі. Алтай, Іле, Тарбағатай өңірлерінде алтайлык долана деген долананың тағы бір түрі бар. Өсімдіктің бұл айтылған екі түрінен де дәрі жасалады. Олар орманды, сайлы жерлерде, өзен жағасындағы бұталардың арасында, тау етектерінде өседі. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі қыркүйек айында піседі.

Дәрілік мақсат үшін долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Гүлдерінде эфир майлары, холин және ацетилхолин, хлороген қышқылдары бар. Жемісінде флавоноидтар, аскорбин және лимон қышқылдары, каротин, холин, ацетилхолин, эфир майлары, илік заттар бар. Доланадан жасалған дәрілер орталық нерв жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналысын жақсартады. Ғылыми медицинада долананы гипертония мен гипертиреоз ауруларын емдеуге және жүрек соғуының ырғағы бұзылғанда, жүректің тұсы ауырғанда, ұйқы қашқанда; жалпы нерв жүйесі әлсірегенде кеңінен қолданады.


Қолдану тәсілі. Долана гүлдерінің 3 ас қасығын з стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, әр ішкенде 1 стаканнан 3 рет тамақ алдында ішеді. Оның жемісінің 10 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырып, шай ретінде ішуге де болады. Одан спиртті ерітіндіні былай жасайды. Өсімдік жемісінің 25 грамын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады, сонан соң 30-40 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Егер тұнба араққа жасалса, онда 50-60 тамшыдан 3 рет ішу керек.

Дәрінің тиімділігін арттыру үшін долана жемістерінің 4 бөлігін, түркістандық сасық шөптің 4 бөлігін, батпақ ақ шайырының 4 бөлігін, түймедақ гүлінің 1 бөлігін алып араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, дайын болған дәріні 1 ас қасыктан 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-14 16:52:55     Қаралды-8631

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЛИМОН ДОМАЛАҚТАРЫ

...

Ет тартатын машинкадан қуырма мен тазартылған жаңғақ жеке-жеке өткізіледі. Ет тартатын машина табылмаса оқтаумен ұнтақтауға да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАПШАҒАЙ БӨГЕНІ

...

Іле өзені бойында, Алматы облысы жерінде Қапшағай су электр стансасын салуға байланысты Қапшағай бөгені жасалынған. Қапшағай атауы көне түркі тілінде «тар шатқал, қысыңқы жер» деген мағынаны береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЙЕРКИХЕЛАХ

...

Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАНАҚ - ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҚАРСЫ

...

Қазанақ – қысы-жазы көгеріп тұратын, биіктігі 1 метрге дейін жететін, бас айналдырып, кісіні есеңгіретіп тастайтындай күшті иісі бар өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

COCO COLA ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Coca-Cola-ны 1886 жылы фармацевт Джон Пемертон ойлап тапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

...

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »