ҚҰЛМАҚ – УЛЫ ӨСІМДІК
Категориясы: Өсімдікті
ҚҰЛМАҚ – ХМЕЛЬ ОБЫКНОВЕННЫЙ
Құлмақ – қос үйлі, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабақтары төрт қырлы, шырматылып жерге төселе өседі, іші куыс, қармақ сықылды тікенектері бар, ұзындығы 7 метрге дейін барады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жүрек сықылды, 3-5 салалы, шеттері бүтін, сағақтары ұзын, үстінгі жағы кедір-бұдырлы, астыңғы жағы тегіс. Гүлдері жасыл, майда, бір жынысты, шоғырланып тұрады. Гүл шоғы бір-топ жасыл жапырақшалардан құралған. Аналық гүл шоғыры жапырақшаларының іш жағында бездері бар, ал аталық гүл шоғырының жапырақшалары жасыл сары, қабыршақты гүл серігінен және 5 жіпшелерден тұрады. Аналық гүл шоғыры жапырақшаларындағы бездерден лупулин деген ұнтақ зат бөлініп шығады. Шілде айынан тамыз айына дейін гүлдейді.
Құлмақ орманды жерлерде, өзен жағаларында, сайларда, бұталардың арасында өседі. Дәрі жасау үшін оның аналық гүл шоғырын толық ашылып тұрғанда жинап алады. Құрамында лупулин, гумулен, валериан қышқылдары, холин, триметиламин, эфир майлары, смола, каротин бар. Өсімдік – улы. Оның тұнбаларының несеп айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін, жүйкені тыныштандыратын қасиеттері бар.
Халық медицинасында құлмақты тамаққа тәбетті арттыру үшін, асқазанның қабынуын, іш өткенді емдеу үшін пайдаланады. Сонымен қатар қуық пен шонданай нервісі қабынғанда, нерв жұйесі қажығанда қолданылады. Құлмақты бауыр және талақ ауруларын, буйректің, өт қабының қабынуын, шеменді, сары ауруды емдеу үшін де пайдаланады. Ішек құрттарын түсіру үшін де осы өсімдіктің тұнбасын дәрі ретінде ішеді. Ұйқы қашқанда жастықтың ішіне құлмақтың аналық гүл шоғырларын толтырып алып жастанады. Бұл өсімдіктің шаш түсе бастағанда да шипалық қасиеттері мол. Қейбір ғалымдар құлмақты гипертония, атеросклероз ауруларын емдеу үшін бұлау жасап пайдаланады.
Қолдану тәсілі. Өсімдіктің аналық гүл шоғырының 10 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, күніне 1 ас қасықтан 3 рет ішеді. Спиртті тұнба: 25 грамм гүл шоғырын 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады да, күніне 40 тамшыдан 3 рет ішеді. Өсімдік улы болғандыктан одан жасалған дәрілерді дәрігердің бақылауымен пайдалану керек.
Жарияланған-2016-07-14 16:31:50 Қаралды-6621
ҚАУЫН ҚАЙНАТПАСЫ
Піскен қауынның қабығы аршылып, дәнінен тазартылады да жұмсақ етіп әбден езіледі. Суға салып қант шырыны дайындалады.
ЖАҚТАУ
Суретші кенепке (холст) сурет салу үшін, ол теп-тегіс боп керіліп жату керек. Ол үшін жақтау жасалады.
ТАСТАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
Күнделікті өмірде біз кез келген өте қатты табиғи материалды тас деп атаймыз, мысалы, тастың бір бөлігі.
МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде
ВИТРАЖ – ӨНЕРДІҢ ЕҢ КӨНЕ ТҮРІ
МЫНАУ суретте қандай таңғажайып аңдар мен құстар бейнеленген десеңізші! Бояулары неткен ашық, неткен анық!
БАЛЫҚШЫ ТҰЙҒЫН
Балықшы тұйғын - қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді.