UF

ҚАРА ҚАРАҚАТ – ВИТАМИНДІ ӨСІМДІК

Категориясы: Өсімдікті


ҚАРА ҚАРАҚАТ – СМОРОДИНА ЧЕРНАЯ

Қара қарақат – биіктігі 125 сантиметрге жететін, бұталы өсімдік. Жапырақтары 3-5 салалы, кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, төменгі жақтарында бездері бар. Осыған байланысты өсімдіктен сүйкімді иіс шығып тұрады. Гүлдері ашық қызыл түсті, 4-5-тен жиналып масаққа ұқсап шоғырланып, төмен қарап салбырап тұрады. Гүл жапырақшалары да, гұл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Ұрығы – көп тұқымды, түсі қара, иісі аңқыған етті жеміс. Мамыр айында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі. Жабайы қарақат өзен жағаларында, батпақты жерлерде, бұталардың арасында, ылғалды ормандарда өседі. Мәдени өсімдік ретінде де көп жерлерде қолдан егіледі.

Дәрі жасау үшін өсімдіктің жемістері мен жапырақтарын пайдаланады. Құрамында С витамині, қант, фосфор қышқылы, илік заттар, Р витамині, каротин, эфир майлары, калий, фосфор тұздары, темір бар.

Қара қарақаттың жемістері халық медицинасында тер шығаратын, несеп айдайтың, іштің өтуін тыятын, қабынуға қарсы әсер ететін әр түрлі витаминді дәрі ретінде қолданылады. Жапырақтарымен ревматизмді, подаграны, лимфа бездерінің туберкулезін емдейлі.

Жапырақтарын, жемісін және бүршіктерін бүйрекке тас байланғанда, сондай-ақ қуық ауруларын емдеуге пайдаланады. Оны балалардың мысқал ауруына (золотуха) қарсы да қолдануға болады.

Бұл өсімдіктен жасалған сироппен көкжөтелді, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын емдейді. Өсімдік жемістерінен алынған сөлді асқазан қышқылы кемігенде және жара шыққанда ішуге болады.


Қолдану тәсілі. Өсімдік жемістерін қайнап тұрған бір стакан суға бір жарым ас қасықтан келетіндей етіп салып тұндырады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Жапырақтарының 20 грамын (1 ас қасығын) қайнап тұрған 1 стакан суға 20 минут тұндырып, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-14 15:01:37     Қаралды-7997

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕРТІС ӨЗЕНІ

...

Ертіс - республикамыздағы ең үлкен өзен. Ұзындығы - 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы - 1700 км. Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанның шығысынан өтеді де, Ресей аймағындағы Обь өзеніне келіп құяды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

COCO COLA ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Coca-Cola-ны 1886 жылы фармацевт Джон Пемертон ойлап тапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕМІС ОВЧАРКАСЫ

...

Бұл овчарка өткен ғасырдың аяғында шығарылып, әуелі Германияның түрлі облыстарында қой бағатын бақташы ит ретінде пайдаланылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

...

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА – ДҮНИЕДЕ ЕҢ СУЫҚ ШӨЛ

...

Егер глобустың аяғын аспанға қаратып, аударып қойса, тағы да сондай екінші «ақ бөрікті» көретін едің. Бұл – Оңтүстік полюс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »