ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС
Категориясы: Өсімдікті
ҚАЛАМПЫР – ГВОЗДИКА РАЗНОЦВЕТНАЯ
Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі. Биіктігі 60 сантиметрдей. Тамыры жуан, қосымша тамырлары да бар. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, отырмалы, қандауыр тәрізді. Гүлдері ірі, қызыл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағына бір-бірден орналасқан. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Тау етектерінде, қарағайлы ормандарда, шабындықтарда өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады.
Құрамында сапониндер, алкалоидтер, кристалды заттар, аскорбин қышқылы бар. Ұзаққа созылған зерттеулер нәтижесінде қалампыр тұнбасының жатырды өте жақсы жиырылтатын қасиеті анықталды. Осы мақсат үшін қолданылып жүрген кейбір дәрілерге қарағанда қалампырдан жасалған дәрілердің әсері 3-4 есе аз, бірақ оның есесіне одан жасалған дәрінің организмге ешқандай зиянды әсері жоқ. Сондықтан оны жатырдың бұлшық еттерінің күші азайғанда, етеккір өте көп мөлшерде келгенде пайдаланады. Халық медидинасында қалампырды жатырдан және геморрой түйіндерінен қан кеткенде де пайдаланады.
Қолдану тәсілі. Қалампыр шөбінің 15 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып тұндырады да, сүзіп алып 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-14 14:45:36 Қаралды-6401
ТОБЫЛҒЫ

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.
ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ

Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.
ҚҰЛАН

Құлан - жылқы тектес тұякты жануарлардың бірі. Құлан «Қызыл кітаптың» қызыл парағынан орын алған. Оның тірілей салмағы 250-300 кг. Етінің дәмділігіне қызыққан аңшылар оны мүлде құртып жібере жаздаған.