UF

ҚАЗАНАҚ - ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҚАРСЫ

Категориясы: Өсімдікті


ҚАЗАНАҚ – БАГУЛЬНИК БОЛОТНЬІЙ

Қазанақ – қысы-жазы көгеріп тұратын, биіктігі 1 метрге дейін жететін, бас айналдырып, кісіні есеңгіретіп тастайтындай күшті иісі бар өсімдік. Тамырдан өскен негізгі сабақтары жатаған. Осы сабақтан тік көтеріліп өсіп шыққан қосымша сабақтары да көп. Ескі бұтақтарының қабығының түсі сұрғылт әрі жалаң, ал жас бұтақтарының қоңыр түсті түктері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ұзынша келген, шеттері төмен қайырылған. Сабақтары қысқа, сыртын майда түк басқан. Ақ немесе қызыл түсті гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағына қолшатыр сияқтанып жинала орналасқан. Мамыр айынан шілде айына дейін гүлдейді. Батпақты ормандарда, далалы аймақтарда, таулардың етектерінде, өзен жағаларында кездеседі.

Дәрілік мақсатқа өсімдіктің гүлдеген кездегі жапырақтары мен майда бұтақтары пайдаланылады. Құрамында 1 процентке дейін эфир майы бар өткір иісі болатын себебі де осыған байланысты. Қазанақ бронх қабынғанда қақырық түсіру үшін, бронх демікпесін емдеу үшіп, ревматизмге қарсы, тоқ ішек тырысып ауырғанда және нерв жүйесін тыныштандыру үшін қолданылады.

Халық медицинасында қазанақ безгек пен туберкулезді емдеу үшін де қолданылған. Ол үшін казанақтың 10 грамын алып, қайнап тұрған 1 стакан суға 15-20 минут салып қою керек. Сүзіліп алынған тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Қазанақты кейбір баска өсімдіктермен қосып пайдаланғанда да әсері арта түседі. Мысалы, қазанақтың ұнтақталған екі шай қасығын, жалбызтікен тамырының ұнтақталған бес шай қасығымен араластырады да, 1 литр қайнаған суға салып 15-20 минут тұндырады. Даяр болған дәріні 1 ас қасықтан әрбір екі сағат сайын дизентерияға шалдыққанда ішеді. Бұл өсімдікті басқаша да қолдануға болады. Яғни қазанақтың 10 бөлігін, дәрілік жалбызтікен тамырының 20 бөлігін, өгейшөптің 20 бөлігін алып әбден араластырады. Осы қоспаның 2 шай қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 20 минут тұндырады. Оны сүзіп алғаннан кейін жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішсе, қақырықтың түсуін күшейтеді.

Тағы да бір кеңес: қазанақтың 25 грамы мен күйдіргіш қалақайдың 15 грамын алып, қайнап тұрған 1 литр суға тұндыру керек. Оны жарты стаканнан күніне 5-6 рет ішіп ревматизмді, бронх демікпесін емдеуге және жөтелді қойдыруға болады.

Қазанақтың жапырағынан 150 грамм, маралқурайдың (чемерица белая) тамырынан 150 грамм алып, оларды 500 грамм еріген мал майына қосады. Сонан соң оны түнге қарай ыстық жерге - пеш ішіне қояды. Таңертең қоспаны сүзіп алып, сырқырап қақсаған жерлерге жағуға болады. Қазанақтың жер үстіндегі бөлігін келіге түйіп ұнтақтайды да, елгезерден өткізіп қаракүйе мен қандалаға қарсы қолдануға болады.

  Жарияланған-2016-07-13 16:27:05     Қаралды-3091

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮМӘЛЛӘК

...

Бидайды су себелеп дымқылдап, үш күндей жауып қойып өндіру керек. Сол аздап өнген бидайдың 2-3 сантиметрдей көгі кесіліп тасталады да, қалған ақ түсті дәні жиналып алынып үстіне су салып езіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОКС ТАРИХЫНАН

...

Жұдырықтасу адам қоғамының тарихында және ертедегі олимпиада бағдарламасында - панкратион деген атпен белгілі болған спорт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА, ӨРІК, ЖҮЗІМ КЕПТІРУ

...

Алма кептіру үшін тек піскендері ғана іріктеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БИДАЙДАН АЛЫНҒАН ДӘРІ ЖҮРЕК ДЕРТІН ЕМДЕЙДІ

...

Қазіргі зерттеулер бойынша әлем халқының 66 пайызы жүрек дертінде шалдыққаны анықталып отыр. Бұл кардиолог (жүректі емдеуші) дәрігелерді қатты алаңдатуда.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«КОУС», «КҮПУ» ДЕГЕН НЕ?

...

ХVІ ғасырдың басында әйгілі Магеллан Қытайдың оңтүстік пұшпағын басып өткенде отыз күн ойын-сауық болыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР ӘЛЕМІНДЕ НЕ БІР ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ТҰМСЫҚТАР БАР

...

Құстар әлемінде не бір таңқаларлық тұмсықтар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »