БҰРЫШ ЖАЛБЫЗ - БРОНХ ҚАБЫНҒАНДА ЕМ
Категориясы: Өсімдікті
БҰРЫШ ЖАЛБЫЗ – МЯТА ПЕРЕЧНАЯ
Бұрыш жалбыз – биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жер астында көлбеу өседі, жіңішкелеу келген көптеген қосымша тамырлары бар. Сабақтары түзу, төрт қырлы, қызыл түсті әрі қысқа, ұштары сүйір, жұмыртқа тәрізді, бірақ ұзынша келген, шеттері өткір, ара тісті, ұзындығы 8 см, ені 2 см шамасында. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, гүлдері ашық қызыл түсті, масақ тәрізді. Гүл тостағаншасы түтікше тәрізді, бес қалақшадан тұрады, тәжі су құятын воронкаға ұқсайды, гүл жапырақтары біріне-бірі жабыса біткен. Шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Өсімдіктің жағымды хош иісі бар.
Бұрыш жалбыз жабайы күйінде табиғатта кездеспейді. XVII ғасырда Англияда су жалбызы мен жасыл жалбызды тозаңдастыру арқылы бұрыш жалбыз алынған деген деректер бар. Ресейге XVII ғасырда мәдени өсімдік ретінде әкелінген. Қазіргі кезде елімізде бұл өсімдік үй жерлерде көптеп өсіріледі. Өсімдікті вегетативті жолмен тамырылап көбейтеді.
Халық медицинасында бұл жалбыздың «су жалбызы» деген түрі қолданылады. Оның дәрілік қасиеттері бұрыш жалбызының дәрілік қасиеттеріне ұқсайды. Су жалбызы – аласалау келген, ылғалды жерлерде, таудың сай-салаларында өсетін өсімдік. Дәрі жасау үшін оның гүлдеген кезінде жерге түскен бөлігін жинап алады. Құрамында эфир майлары, оның ішінде ментол, ментон деген терпендер бар. Өсімдіктің құрамында бұлардан да басқа каротин және флавоноид косылыстары бар. Өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері бар. Жүректің тұсы шаншып ауырғанда, асқазан және ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы жәрдем береді. Тіс ауырғанда, жоғарғы тыныс жолдары және бронх қабынғанда да бұрыш жалбыз ем үшін қолданылады.
Орыстың халық медицинасында бұрыш жалбыз өт айдайтын, тер шығаратын және бүйрекке тас байланғанда несеп айдайтын дәрі есебінде пайдаланылған. Кейбір ғалымдар бұрыш жалбызды гипертония, атеросклероз, бүйрек, бауыр, асқазан ауруларын және дизентерияны емдеу үшін қолданады (Н.Г.Қовалева). Бұрыш жалбыздың жапырағынан жасалған тұнбаны ауыз уылғанда, тіс түбінің еттері қабынғанда оларды шаю үшін қолданады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 10 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет тамақтанардап жарты сағат бұрын ішеді. Асқазан қышқылы қалыптан тыс көбейгенде бұрыш жалбызды мына өсімдіктермен қоса пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты субеденің жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 грамм алып араластырады. Осы қоспаның 2 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға сальш, 2 сағат буландырады. Даяр болған дәріні салқындатып, сүзіп алады да, шетінен ұрттап ішіп, бір күн ішінде тауысады.
Жарияланған-2016-07-13 16:04:19 Қаралды-6151
ПАННО МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ
Панно монументтік бейнелеу өнерінің шығармасына жатады. Ол негізінен үйдің ішкі не сыртқы қабырғасын безендіреді. Ол да картина сияқты кенепке бояумен салынады.
ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады
ЕКІБАСТҰ3
Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.
ҚАРАТОРҒАЙ
Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған. Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады.
МЕРГЕНДІК НЕМЕСЕ НЫСАНА КӨЗДЕУ
Бізге мәлім болғандай оқ ататын мылтық XIV ғасырдан пайда болған.