UF

БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Категориясы: Өсімдікті


 

БӘЙШЕШЕК – ПЕРВОЦВЕТ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ

Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі қысқа, гүл сабағы мен оның түбінде топталып сабақты айнала өскен тамыр – жапырақтарынан тұрады. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, қысқа сабақты. Гүлдері ашық сары түсті, қолшатыр тәрізденіп, гүл сабағының ең ұшында бір жағына қарай қисайып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 тісті, гүл жапырақшалары өзара біріккен түтікше тәрізді. Жемісі – қоңырқай түсті, сопақша келген қауашақ. Мамыр айында гүлдеп, шілде айында жеміс береді.

Бәйшешек шабындықтарда, орман ішінде, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Дәрі ұшін өсімдіктің жапырағы мен тамыр сабағы, тамырлары пайдаланылады. Құрамында С витамині, сапониндер, эфир майлары, гликозидтер, примверин, флавондар бар.

Бәйшешектен жасалған дәрілердің тер шығаратын, дененің қызуын төмендететін, жөтелді басатын, құрқұлаққа шипа болатын, несептің бөлінуін күшейтетін қасиеттері бар. Халық медицинасында орталық нерв жүйесінің жұмысын қалпына келтіру үшін, өкпе және бронхтар қабынғанда қақырық түсіру үшін қолданылады. Ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын басу үшін, бүйректің және қуықтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен халық медицинасында іштің жүрмей қалуын, бас ауруын және мигренді емдейді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды қайнап тұрған 2 стакан суға салып, 20 минут тұндырып қояды да, жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішеді. Оның жапырақтарынан тұнбаны былай жасайды: ұнтақталған бір ас қасық жапырақты қайнап тұрған 1 стакан суға салып 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:23:53     Қаралды-4991

Мәлімет сізге көмек берді ма

Тауықтар да жарыла алады

...

1950 жылы неміс газеттерінің бірінде жарылғыш тауықтар туралы оқиға болды. Оқиғаны одан әрі оқи отырыңыздар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙЕ ТІКЕН –

...

Түйе тікен - биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, жоғарғы жағында бұтақтары көп болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

...

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРСЫ РУЛЕТ

...

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫ

...

Ұлытау аймағы Сарыарқаның оңтүстік-батыс шегінде, Қарағанды, Қостанай облыстары жерінде орналасқан. Негізінен, Қарағанды облысы Ұлытау ауданын қамтитын бұл аймақ шоқылы, қыратты келген аласа таулардан тұрады. Олардың жалпы орташа биіктігі 400-600 метр, кө

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САБУНИ АЛУАСЫ

...

Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »