UF

БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

Категориясы: Өсімдікті


БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ – ШЛЕМНИК БАЙКАЛЬСКИЙ И КАРАТАУСКИЙ

Байкал томаға шөбі – биіктігі 35 сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры ұзын әрі жуан, етті. Сабақтарының төменгі жағы қызғылт түсті, төрт қырлы, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сағақтары қысқа немесе отырмалы, жұмыртқа тәрізді сопақша келген, шеттері бүтін. Гүлдері қос ерінді, көкшіл түсті, сабақтарының жоғарғы жағында бір жағына қарай қисайып, шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасының түктері бар. Маусым-тамыз айларында гүлдейді, жемісі тамыз айында піседі, ол дөңгелектеу келген қара түсті төрт жаңғақшадан тұрады. Тау етектерінде, тастақты беткейлерде, далалы аймақтарда, төбелердің баурайында, құмды жерлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағы және тамыры пайдаланылады. Құрамында байкалин, байкелеин, скутелярин, вагонин, илік заттар, смола бар.

Байкал және Қаратау томаға шөбінен жасалған дәрілердің қан тамырларын кеңейтетін, қан қысымын төмендететін, нерв жүйесін тыныштандыратын, жүрек бұлшық еттерінің күшін көбейтіп, соғуын қалыпқа келтіретін, ішектің қабырғаларындағы бұлшық еттердің тырысып қалғанын жазатын қасиеттері бар. Осыған байланысты томаға шөп гипертония ауруын емдеу үшін, сонымен қатар нерв жүйесі қажығанда, ұйқы қашқанда қолданылады. Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді. Жөтел басатын қасиетіне байланысты өкпе және бронх қабынғанда, көкжөтелге қарсы қолданылады. Нерв жүйесін тыныштандыратын әсері жөнінен аты аталған томаға шөптер дәрілік шүйгіншөптен әлдеқайда күшті.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің тамыр сабағының 25 грамын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, 25 тамшыдан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:14:55     Қаралды-4088

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

...

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ЖАНДЫРҒЬІШ

...

Ядролық жандырғыш - ядролық энергияның босауымен жүретін бөліну немесе синтез реакцияларына ядролары қатысатын заттар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАКУ ПАХЛАВАСЫ

...

Бұл тоқаш қамырынан жасалатын тағам. Формасы қиғаш төрт бұрышты, ішіне алты қабат жаңғақ салынған және қант-бал шырыны сіңірілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ АЛУАСЫ

...

Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТУНДРА – ҚЫРУАР КӨК КІЛЕМ

...

Егер біздің ұшқыш кілем тундраның үстінен қыста ұшқан болса, Солтүстік Мұзды мұхиттың қай жерден бітіп, тундраның қай жерден басталғанын байқамас едік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ОРМАНДАР

...

Орман ішінде қай жағына қарасаң да, небір кереметтерге кенелесің...

ТОЛЫҒЫРАҚ »