UF

БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


 

БАДАНА – ФАСОЛЬ ОБЫКНОВЕННАЯ

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, ұштары сұйір, үш-үштен қосақталып тұрады. Гүлдері сирек, масақша жасап шоғырланған. Гүл тостағаншасының бес қалақшасы бар, олар өзара жабысып, екі ерінді қысқа түтікше құрайды. Гүл тәжі ақ, кейде ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу. Жемісі – ұзынша келген, буылтығы бар ірі бұршақ. Мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін тұқымынан ажыратып алып пайдаланады. Құрамында аргинин, аспарагин, фазеолин, кремний қышқылы, глобулин бар.

Бадана жемісінің сыртындағы қауызының қанның құрамындағы қантты азайтатын, несеп айдайтын қасиеттері бар. Осыған байланысты қант ауруын емдеу үшін және бүйректің, қуықтың қабынуына қарсы әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, қан қысымы көтерілгенде, сонымен қатар ревматизмді, подаграны, шонданай нервінің қабынуын (радикулитті) емдеу үшін де пайдаланылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Жемістері қауызының 15 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Қант диабеті ауруын мынадай қоспа жасап емдесе, дәрінің тиімділігі арта түседі: бадана қауызының, қаражидек жапырағының, сұлы сабанының әрқайсысынан екі бөліктеп алып, оған зығыр тұқымының 1 бөлігін қосып араластырады. Осы қоспаның 3 ас қасығын 3 стакан қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, үш ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Ұйқы безі қабынғанда бадананың қауызын, қаражидектің жапырақтарын теңдей етіп алып, осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:04:19     Қаралды-3725

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?

...

Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА СТРУДЕЛІ

...

Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ БЕСІНШІ МҰХИТ, ОЛ ҚАНДАЙ МҰХИТ?

...

Дүние жүзінде Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттардан басқа және олардың бәрінен де үлкен бір мұхит бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Хан отбасы мүшелерінің ұшуының өз ережелері бар

...

Сол уақыттарда қарапайым адамдар сияқты жалпыға бірдей ұшу ережелерін сақтау тиіс еді, оған қоса хан отбасының өз ережелері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙЫҢ - ҚҰЯН ЖӘНЕ РЕВМАТИЗМ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

...

Қазақстанда қайыңның 15 түрі өседі. Соның бірі - қотыр қайың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »