UF

БАДАМ - ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

Категориясы: Өсімдікті


БАДАМ – МИНДАЛЬ ОБЫКНОВЕННЫЙ 

Бадам – онша биік емес, жоғарғы жағы жайыла өскен ағаш. Жапырақтары сопақша, шеттері ара тісті. Олар ағаш гүлдегеннен кейін пайда болады. Гүлдері жеке-жеке орналасқан, ашық қызыл немесе ақ түсті, гүл тостағаншасы да, гүл жапырақшасы да бес-бестен. Жемісінің сыртында жеуге болмайтын еті бар сүйекті дәнек. Оның ішінде 1 не 2 тұқымы болады. Ерте көктемде гүлдейді.

Бадам жабайы күйінде таулы және тасты беткейлерде өседі. Мәдени өсімдік түрінде де егіледі. Дәрі жасау үшін ағаштың жемісі мен майы пайдаланылады. Кұрамында майлар, амигдалин деген гликозид, синиль қышқылы және бензин альдегиді бар.

Ғылыми медицинада бадам майы іш жүргізетін және теріні жібітетін дәрі ретінде ғана қолданылады. Халық арасында бадам майы нерв жүйесін тыныштандыратын және денедегі ауырған жерлерді басатын, қабынуға қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланылады. Ас қорыту жұмыстарын реттейді. Сонымен қатар бадам ішек құрттарын түсіретін, жүректің қатты соққанын қалпына келтіретін дәрі ретінде де қолданылады. Құлақ ауырғанда оған бадам майын тамызады. Ол іштің желденгенін, бас ауырғанды басатын және тамаққа тәбеттендіретіп дәрі ретінде пайдаланылады. Жүрек қатты соққанда бадам майынан күніне 6-7 тамшыдан 3 рет ішеді. Ал сүйектерін алып тастап, ішіндегі дәнін пайдаланғанда үшеуден күніне 3 рет жейді.

  Жарияланған-2016-07-13 14:50:15     Қаралды-5682

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛУА ӨНДІРУ

...

Біздің елімізде алуа ежелден өндіріліп келеді. Ол шығыстың тәтті тағамдарына жатады және құрамында 30-35 процент қант, 30-35 процент май, 15-20 процент шамасында азотты заттар болатын сіңімділігі жоғары өнім болып табылады. 100 килограмм алуаның калориялы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР НЕ ЖЕЙДІ?

...

Қоректену тәсілі бойынша балықтар шөпқоректілер (фитофагтар)...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨЗ ЖҮГІРЕТІН ЖОЛ ЖАЙЫНДА

...

Әуелгі сөз латынның «транспортаре» - «тасымалдау» деген сөзінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

...

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »