АҚМИЯ, УТАСПА ШӨП
Категориясы: Өсімдікті
АҚМИЯ, УТАСПА ШӨП – ТЕРМОПСИС ЛАНЦЕТНЫЙ
Ол да биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, сабағы түзу, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы сұлап жайқала өседі. Сабағында бұтақтары көп, жапырақтары сұр түсті, кезектесігі, үш-үштен топтала орналасқан. Жапырақтарының бөлшектері сопақша, жіңішкелеу болып келеді. Қосымша жапырақтары сабақтарынан ұзын, сондықтан бұл өсімдіктің жапырақ тамыры бес салалы болып көрінеді. Гүлдері сары түсті, ірі, сабағының үш жағында шоғырланып тұрады. Жемісі – ұзындығы 6 сантиметрге дейін жететін бұршақ сияқты қоңыр түсті әрі жалпақ болады. Ол таулардың, төбелердің тастақты беткейлерінде, тың жерлерде, шөл және шөлейт аймақтарда, ал кейде арамшөп ретінде егістіктердің арасында да өсе береді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігін, тұқымын жинайды. Құрамында термопсин, гомотермопсин, метилцитизин, пахикарпин, анагирин деген алкалоидтер, илік, қоймалжың заттар, сапониндер, смолалар, С витамині бар.
Ақмиядан жасалған дәрілердің қақырық түсіретін, ішек құрттарын айдайтып қасиеттері бар. Осыған байланысты ол өкпе және жоғары тыныс жолдары қабынғанда ем үшін қолданылады. Құрамындағы пахикарпин атты алкалоидтың қасиеттеріне байланысты қан тамырының (артерияның) кейбір ауруларын емдеу үшін және жатырдың бұлшық еттерін жиырылдыру үшін де қолдануға болады. Ақмиядан жасалған дәрілерді асқазан қабынғанда, асқазанға жара түскенде, кейбір қан ауруларын емдеуге пайдалануға болмайды.
Қолдану тәсілі. Майдаланған ақмия шөбінің 0,6-1 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып жарты сағат тұндырады да, суытып сүзіп алады. Даяр болған дәріден 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-13 13:46:41 Қаралды-4778
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КЕКСІ

Ұн еленіп, ысқыштан өткізілген грек жаңғағымен және жүзіммен араластырылады. Белок әбден көпіршігенше шайқалып, аз-аздан қант ұлпасы қосылады.
ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ

Шалкиіз Тіленшіұлы - қазақтың ортағасырлық жыраулық поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шамамен 1465-1560 жылдары өмір сүрген ол Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген. Шалкиіздің шығармаларына Қазтуған, Асан Қайғы және Қодан Тайшы ақындардың жырла
АТ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Моторсыз, аттың күшін пайдаланып жарыс жолына шығу жүректілер ісі деуге әбден болады.
ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.