UF

ИТСИГЕК

Категориясы: Өсімдікті


ИТСИГЕК — АНАБАЗИС БЕЗЛИСТНЫИ, ЕЖОВНИК БЕЗЛИСТНЫЙ

Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді. Түп жағындағы сабағы қатайған қоңыр түсті, жоғарғы жағында жасыл сұр түсті болып келеді. Бұтақтары жұмыр, жапырақсыз. Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, олар бұтақшаларының жоғарғы жағында масақша шоғырланып тұрады. Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі жидек сықылды болып келеді. Ол - улы өсімдік. Шөлді далаларда, сортаң жерлерде қалың болып өседі. Итсигектің жоғарғы жағындағы жас бұтақшаларын гүлдемей тұрғанда орып, жинап алады. Кепкеннен кейін машимамен майдалап, електен өткізеді. Кұрамында анабазин, афиллин, лупинин, афиллидии, оксиафиллидин, оксиафиллин сияқты алкалоидтар бар.

Итсигек медицинада тікелей қолданылмайды. Негізінен алғанда анабазин және афиллин алкалоидтерін алу үшін қолданылады. Анабазиннен РР витамині деп аталатын никотин қышқылы алынады. Ол дене сыртындағы көптен жазылмай жүрген жараларды емдеу үшін қолданылады.

Афиллин гипертония ауруы мен жүрек ауруларым емдеу үшін де қолданылады. Ал анабазин өте күшті улы зат. Оның 2-3 тамшысы кісіні өлтіріп жіберуі мүмкін. Міне, осыған байланысты итсигекпен улану оны жинап жүрген адамдар арасында кездесіп қалып отырады. Кісі уланғанда сілекейі ағып, басы айналады, жүрегі айниды, құсады, жүрегі қатты соғып, дем алысы жиілейді. Аурудың маңдайынан суық тер шығып, денесі тырысады, дем алысы бұзылады. Бұл жағдайларда аурудың асқазанын жуып, құстыратын дәрілер береді, қолдан дем алдырады. Жоғарыда аталғандарға байланысты итсигек жинаумен айналысқан адамдардың уланып қалмауы үшін барынша сақтық шараларын қолданған жөн.

  Жарияланған-2016-07-12 15:29:38     Қаралды-8327

Мәлімет сізге көмек берді ма

АҚ ТҰҢҒИЫҚ

...

Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРТА ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

...

Қарта – жылқының тік ішегінің жуан бөлігі. Ол әуелі жыннан тазартылып, салқын сумен әбден жуылады, содан соң салқын жерге ілініп қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПІРҚОСАҚТЫҢ ЖЕТІ ТҮС

...

Аспан төрін айқара керіп кемпірқосақ орнапты. Оның түсі қандай? Дәлірек айтсақ, онда қанша түс бар? Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАСЫМ ХАН

...

Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛҒАШҚЫ СІРІҢКЕЛЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Сіріңкелер салыстырмалы түрде жақында - 19 ғасырдың басында ойлап табылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »