UF

ҚИМАҚТАР

Категориясы: Тарих


Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған. Одақтың құрамына қыпшақтар, құмандар кірген. Біртіндеп өздер орналасқан аумағын батыс және оңтүстік бағыттарда ұлғайта түскен. IX ғасырда жет тайпадан тұратын қимақ бірлестігі қалыптасқан, артынша Қимақ мемлекеті құрылған Қимақ қағандығы IX-XI ғасырларда өмір сүрген. Оның билеушісі «қаған» лауазымын иеленген.

Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы, сиыр, өгіз, қой асыраған. Сонымен қатар сұлы, бидай, күріш және арпа егіп, жер өндеумен шұғылданған. Терісі бағалы түлкі, құндыз және ірі жыртқыш аңдар (жолбарыс пен барыс) аулаған.

Араб-парсы жылнамашылардың еңбектерінде кимақтардың тұрақты мекендері болғаны айтылады. Олар қалалары мен қоныстарын өзендер мен көлдердің маңайына, таулы аймақтарға, пайдалы қазбалары мол өңірлерге тұрғызған. Мемлекеттің 16 қаласы болған. Олардың көпшілігі сауда жолдарына жақын салынған. Қимақтарда сауда-саттық жақсы дамыған. Орта Ертісте жатқан қимақ астанасы Қимақия (Имақия) қаласына Еділдегі Бұлғариядан, Енисей қырғыздарынан, Батыс Қытайдағы тоғыз-оғыздардан, оғыздардан, қарлұқтардан және Орта Азиядан шығатын сауда жолдары келіп түйіскен.

Қимақ халқы көне түркі жазуын қолданған. Олар ежелгі түркілердің салт-дәстүрлерін ұстанып, оларды одан әрі байытқан, дамытқан.

Қимақтар мен қыпшақтар туыс тайпа еді. Кейіннен қыпшақтар Қимақтар мемлекетінің мұрагері болып қалған.

  Жарияланған-2015-11-12 15:45:26     Қаралды-12620

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮТ СІЛІКПЕСІ

...

Сүт қайнатылып, оған құм шекер мен ванилин салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРЛҰҚТАР

...

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧАГОС АРХИПЕЛАГЫ

...

Үнді мұхитындағы архипелаг.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛШАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ (пастила)

...

Алша жемістері піскенше қайнатылып, қабығы мен дәндерінен тазалау үшін електен өткізіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚШЫЛЫҚ

...

Балықшылық бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен, балығы мол сулардың -жағасында жұт немесе басқа себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың ғана айналысатын кәсібінің түрі еді. Балық табиғат-ананың сыйы болғандықтан, Атырау, Арал, Балқ

ТОЛЫҒЫРАҚ »