ДӘРІЛІК МЕЛИССА
Категориясы: Өсімдікті
ДӘРІЛІК МЕЛИССА - МЕЛИССА ЛЕКАРСТВЕННАЯ
Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу әрі төрт қырлы, сыртын түк басқан, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сабақтары ұзын, жұмыртқа тәрізді. Шеттері ара тісті, ұштары сүйір, жоғарғы жағы қою жасыл тусті, төменгі жағы ашық жасыл түсті, шеттерінде қызыл дақтары бар. Гүлдері майда, 6-10-нан жиналып, жоғарғы жағындағы жапырақтарының қуысына орналасқаи. Гүл тостағаншасы түтікше тәрізді, қос ерінді, жоғарғы ернінде 3 қалақшасы, төменгі ернінде 2 қалакшасы бар. Гүл тәжі де ұзынша келген түтікшеге ұқсайды. Ол қос ерінді, ақ түсті, 5 гүл жапырақшасынан тұрады, июль-август айларында гүлдейді, иісі лимонның иісіне ұқсас. Ол бұталардың арасында, орманның күн сәулесі көп түсетін жерлерінде, тұрғын үйлердің маңайында өседі.
Дәрі жасау үшін дәрілік мелиссаның жер бетіндегі бөлігін гүлдей бастаған кезінде жинап алады. Құрамында эфир майлары, аскорбин, кофеин, урсол қышқылдары, илік заттар, майлар бар.
Халық медицинасында дәрілік мелиссаның тұнбасын денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын және қолаяқтың бұлшық еттерінің жиырылуына қарсы әсер ететін дәрі ретінде қолданады. Сонымен қатар, бұл өсімдіктен жасалған дәрілер жүйкені тыныштандырып, жүректің жұмысын жақсартады. Осыған байланысты аурудың ентіккені, жүрек тұсының ауырғаны басылады. Жүрек қалыптан тыс жиі соқпайтын болады. Іш желденгенде, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, асқазан түйнеп ауырғанда, әйелдерде етеккір кешігіп келгенде осы өсімдіктен жасалған дәрілермен емдеуге болады. Ұйқы қашқанда, жүйке қажығанда, жүрек демікпесінде, қан азайғанда және кейде іш жүргізетін дәрі ретінде халық медицинасында кеңінен пайдаланылады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен ревматизмді де емдейді.
Дәріні дайындау және колдану тәсілі. 15 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрган суға салып, 40 минут тұндырады да, 1 ас қасыктан 3 рет ішеді. Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 100 грамм спиртқе салып 8-10 күн тұндырады да, даяр болған дәріні подагра және ревматизм ауруларына байланысты сырқыраған буындарға жағады.
Жарияланған-2016-07-12 11:59:56 Қаралды-6598
АҚҚАЛАҚ

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.
Баобаб қанша өмір сүреді?

Баобаб кң алдымен өзінің көлемімен әйгілі. Діңгегінің диаметрі 8 метрге жетеді. Сондай-ақ бұл ағаш ұзақ өиір сүретінін барлығы біледі. Бірақ, баобабтардың қанша уақыт өмір сүретіндігін дәл анықтау мүмкін емес. Оның жарамды сақиналары жоқ. Сондықтан бағала
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

Әлемнің жеті кереметі - әлемге әйгілі болған ертедегі ғимараттар мен тас мүсіндердің атауы.
БЕТПАҚДАЛА

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, со
ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.