UF

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

Категориясы: Тағам



ҚУЫРЫЛҒАН МӘНТІ

Құрамы: 
470 грамм үн, 10 грамм ашытқы (дрожжи), 1 шай қасық түз, 1 кесе су, қойдың 715 грамм жұмсақ еті, 3-4 пияз, 100 грамдай құйрық май, 75 грамдай сорпа, 1 шай қасық қара бұрыш, 2 ас қасық қасқан майланатын өсімдік майы.
Дайындау процесі:
Бұл мәнті опарасыз ашыған қамырға оралады. Ол үшін жылылығы 30-35 градус су құйылады, жылы суға ерітіліп, сүзілген ашытқы (дрожжи), ерітіліп, сүзілген қант, шикі жұмыртқа қосылып, тұздалады. Еленген ұн салынып, жақсылап араластырылады. Содан соң ерітілген май құйылып, біркелкі массаға айналғанша иленеді.
Сөйтіп қақпағы жабылып, 3-4 сағат ашытылады. Қолайлы ашыту температурасы 35-40 градус. 1,5-2 сағаттан кейін қамыр 1,5-2 есе ұлғайып, көтеріледі. Ол тағы бір рет иленіп, қайта ашытылады. Жалпы қамыр ашыту кезінде 2-3 рет иленеді.
Бұл мәнтіге де фарш кәдімгі мәнтіге дайындалғандай әзірленеді. Қамыр да солай жазылып, солай кесіледі. Сол мәнтідей жапсырылады.
Сөйтіп дайын болған шикі мәнті май қыздырылған шұңғыл табаға салынып, екі жағы жақсылап қуырылады. Содан соң үстіне сорпа құйылып, табаның қақпағы жабылады да, духовкаға қойылып, әбден піскенше бұқтырылады.
Дастарқанға әкелерде тарелкаға салынып, үстіне өзі қуырылған тұздық құйылады.


СӘБІЗ, АСҚАБАҚ ҚОСҚАН ЕТ МӘНТІ

Құрамы: 
250 грамм ет, 250 грамм асқабақ, ірілеу 3-4 сәбіз (туралғанда - 250 грамм), 1 шай қасық тұз, 600 грамм ұн, 1 кесе су, 1 шай қасық қара бұрыш, 2 пияз, 2 ас қасық өсімдік майы.
Дайындау процесі:
Қойдың жұмсақ еті ұсақтап туралады. Асқабақ пен сәбіздің қабығы аршылып, олар да ұсақтап кесіледі. Содан соң майдалап туралған құйрық май қосылады да, бәрі жақсылап араластырылады. Пияздың да қабығы аршылып, ұсақтап кесіледі. Ол да әлгі массаның үстіне салынады. Тұздалып, бұрышталады. Сөйтіп тағы бір араластырылады. Бұл мәнті де ет мәнті дайындалғандай дайындалып, сол секілді пісіріледі. Дастарқанға да сол мәнті секілді әкелінеді.


ОРАМА

Құрамы: 
қамыр илеу үшін - 500 грамм ұн, 1 шай қасық тұз, 1 кесе су немесе сорпа, фарш үшін - қойдың 1 килограмм жұмсақ еті, 1 шай қасық қара бұрыш, 4 пияз, 100 грамм құйрық май, 2 ас қасық өсімдік майы, тұз татымына қарай.
Дайындау процесі:
Бұл тағамның фаршы да ет мәнтінің фаршындай дайындалады. Қамыр да солай иленеді. Тек жұмсақтау болуға тиіс. Ашытылмайды. Содан соң оқтаумен жазылады. Оның мәнтінің қамырына қарағанда жұқалау болғаны дұрыс. Сондай-ақ орамаға арнап жазылған қамыр дөңгелектеп немесе төрт бұрыштап кесілмейді. Ол жазылған қамырдың мөлшеріне қарай ұзынынан екіге не үшке бөлінеді де, сол ұзындығын қуалай ортасына фарш салынып, рулет секілді оралады.
Сөйтіп қасқанның өсімдік майы жағылған әрбір табақшасына бір-бір орамадан айналдырыла салынады да сорпаның немесе судың буына 40-45 минут пісіріледі.
Піскеннен кейін шілтерлі табақшалардан мұқият алынады да, үлкен-үлкен етіп кесіп-кесіп, жайпақ тарелкаларға салынады. Кейде дастарқанға шұңғыл тарелкаға салынып, үстіне тұздық құйылып та әкелінеді.


ТҰШПАРА

Құрамы: 
700 грамм қой еті, 3 пияз, 1,5 шай қасық тұз, жарты шай қасық қара бұрыш, фарш үшін 2 ас қасық су, 3 кесе бидай ұны, 2 жұмыртқа, 1 кесе қаймақ немесе 5-6 ас қасық ерітілген сары май.
Дайындау процесі:
Осы мақсатқа арналған еттің шандыры сыдырылады. Кесектеп туралып, еттартқышпен тартылады. Ұсақтап туралған пияз, қант қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Салқын су құйылып, жақсылап араластырылады. Егер ет арық болса, барынша ұсақталған құйрық май қосылады.
Ұнға шикі жұмыртқа жарылып, жылы су құйылады да, тұз салынып, қамыр иленеді. Иленген қамырға 30-40 минут табақ төңкеріп не орамал жауып қойылады.
Осы мерзімнен кейін қамыр күлшелерге бөлінеді де, ұн себелей отырып, оқтаумен қалыңдығы 1,5-2 миллиметрдей етіліп жазылады да, дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесіледі. Қамырдың қалған қиықтары да жиналып, қайтадан жазылады. Сөйтіп ол да кәдеге асырылады.
Дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесілген қамырдың ортасына фарш салынып, жиектері қаусырылады да саусақтың ұшымен жапсырылады. Содан соң қайнап жатқан тұзды суға салып пісіріледі. Олар кастрюльдің бетіне қалқып шықса пісті деген сөз.
Піскен тұшпара кепсермен сүзіп алынып, тарелкаға салынады. Дастарқанға үстіне қаймақ құйып әкелінеді. Тұшпараны шұңғыл табаққа салып, үстіне сорпа құйып та беруге болады. Онда бетіне ұсақталған көк себіледі.

  Жарияланған-2016-06-30 16:37:57     Қаралды-5465

Мәлімет сізге көмек берді ма

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

...

Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам де

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЗООМОРФТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

...

Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлгасының сұлу бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

...

Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

...

«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »