UF

ОҒЫЗДАР

Категориясы: Тарих


Оғыздар - түркі тілдес тайпалар. Тарихта V ғасырдан бастап белгілі. Олар ертеректе Жетісу өңірін мекендеген. Алайда қарлұқтармен соғыста жеңіліп, Жетісу өңірін тастап шығуға мәжбүр болады. Сөйтіп, олар Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі сағасына қарай қоныс аударады. IX ғасырдың екінші жартысында оғыз көсемдері карлұқтар мен қимақтардың бір бөлігімен одақтасып, Сырдария аймағын мекендейтін печенег, баджагар, т.б. тайпаларға соққы береді. Оларды ығыстыра отырып, Сырдария бойына, Арал маңайына қоныстанады. Осылайша олар Оғыз мемлекетін (IX-XI ғғ. өмір сүрген) құрып, Сырдарияның төменгі сағасындағы Жаңакент (Янгикент) қаласын астана етеді. Жаңакент Орта Азияға, Шығыс Еуропаға және Қиыр Шығысқа апаратын керуен жолының бойында орналасқан.

Оғыздар одағы әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бірлестікті құраған. Олардың құрамында печенег, ас, алан, т.б. далалық тайпалардың бөліктері болған.

Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымын иеленген. Жабғудың мұрагерін «инал» деп атаған. Мемлекетте бас қолбасшы үлкен рөл атқарған, оларды басқа да түркі тілдес тайпалардағы сияқты «сюбашы» деген.

Оғыз мемлекетінің халықтары мал шаруашылығымен айналысқан. Терісі әдемі қойлар (қаракөл) мен қос өркешті түйелер өсірген. Кейін келе малынан айырылған көшпенділер отырықшылыққа өткен. Олар «жатақтар» деген атпен белгілі. Жатақтар, негізінен, жер өңдеумен және қолөнер кәсібімен айналысқан.

Оғыздардың жерінде Жент, Сауран, Сығанақ, Фараб және басқа да қалалар болған.

Оғыздар Киев Русімен одақтаса отырып, Солтүстік Кавказдағы хазарларды талқандаған. Еділ (Волга) бойындағы бұлғарларға күйрете соққы берген.

XI гасырдың бас кезінде қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған оғыздардың көптеген тайпалары Орта және Кіші Азияга, Шығыс Еуропаға ығысқан.

  Жарияланған-2015-11-12 15:30:53     Қаралды-5497

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТӨЛЕГЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ

...

Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы (1940-2001) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫСТЫҢ ЕҢ СУЫҚ АЙЛАРЫ

...

Қаңтар мен ақпан - қыстың ең суық ай лары. Шаруақор қазақ кейде бұл екі айға жан бітіріп, тіл беріп сөйлетіп қоятыны бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Арыстан прайдтың бастаушысы болған кезде ол барлық арыстанның күшіктерін өлтіреді

...

Африкандық арыстанның аталығы прайдтың бастаушысы болған кезде ол алдындағы еркек арыстандардың барлық күшіктерін өлтіреді. Бұл оның тұқымын көбейтуге мүмкіндік береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА

...

Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРБАН АЙТ

...

Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »