ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША 4 ТҮРЛІ САЛАТТАР
Категориясы: Тағам
«КӨКТЕМ» САЛАТЫ
Құрамы:
2 түйір орташа қияр, оншақты түйір шалғам, бір ас қасық жусай, 2 ас қасық көк жуа, жарты кеседен астам (150 грамм) майонез, 2,5 дана жұмыртқа, 2 шай қасық аскөк, тұз бен бұрыш дәмі мен татымына қарай.
Дайындау процесі:
Жас қияр мен шалғам жақсылап жуылып, кесектеп немесе ұзыншалап туралады. Ұсақтап туралған піскен жұмыртқа, буланған жусай, көк жуа, осы салатқа арналған аскөктің тең жартысы қосылады, тұздалып, бұрышталады. Майонез құйылып, бәрі араластырылады да салат ыдысына үйіліп салынады.
Салаттың бетіне манағы қалған аскөктің жартысы себіліп, сақиналап кесілген пиязбен, ұзыншалап кесілген қиярмен, көк жуамен және жұмыртқа бөліктерімен әсемделеді.
«ЖАЗ» САЛАТЫ
Құрамы:
ірілеу 4 түйір сәбіз, 2 алма, 2 жұмыртқаның сары уызы, 1 шай қасық болар-болмас қант, тұз татымына қарай, лимон қышқылы аспаздың қалауынша.
Дайындау процесі:
Шикі сәбіздің қабығы жұқаланып аршылады. Ұзыншалап мұқият кесіледі (үккішпен солай жұқалап кесуге болады). Жіңішкелеп тілінген алма тілімдерімен араластырып, қант салынады да шикі жұмыртқаның сары уызы мен лимон қышқылы құйылады. Тұздалады. Арнайы салат ыдысына немесе басқа бір шұңғыл тарелкаға үйіп салынады. Беті сәбіз және алма тілімдерімен әсемделеді.
«ҚЫС» САЛАТЫ
Құрамы:
400 грамм ет, жарты кесе капуста, 2 түйір картоп, жарты пияз, 2 ас қасық қаймақ.
Дайындау процесі:
Сүр ет бірнеше қайтара жылы сумен жуылып, кастрюльге салынады да, үстіне салқын су құйылып, отқа қойылады. Оны отты басыңқырап қойып пісірген дұрыс.
Ет пісіп жатқанда тұздалған капуста бөлек ыдыстағы салқын суға 1-2 сағат салып қойылып, сүзіп алынады да суы төгіледі.
Қабығымен пісірілген картоп салқындатылып, қабығы аршылады да ұзыншалап туралады.
Ет піскен соң салқындатылып, тақтай үстіне салынады да ұзыншалап кесіледі. Содан соң ет, картоп, капуста қосылып араластырылады да арнайы салат ыдысына салынып, үстіне қаймақ құйылады. Беті сақиналап туралған пияз бөліктерімен әсемделеді.
«КҮЗ» САЛАТЫ
Құрамы:
2 ас қасық ішек-қарын, 2 ас қасық өкпе-бауыр, 2 ас қасық ет, жарты кесе капуста, 2 ас қасық шомыр, жарты пияз, бір помидор, 1 қияр, 1 тал көк жуа, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау процесі:
Күз бүкіл өнімнің мол шағы. Бұл маусымда жеміс те, жидек те, көкөніс те, тіпті ет те көп. Соған орай «Күз» салатына өнім дайындау ешқандай қиындық келтірмейді.
Ішек-қарын, өкпе-бауыр, жұқа дәке қалтаға салынған қиқым еттер асылады. Тұздалып, бұрышталады. Піскеннен кейін суытылады да асхана тақтайына салып, ұсақтап туралады.
Олар пісіп жатқан кезде капуста да ұсақтап туралады, шомыр үккішпен үгіледі, пияз сақиналап, қияр ұзыншалап кесіледі. Помидор ортасынан қақ бөлінеді.
Ұсақтап туралған ішек-қарын, өкпе-бауыр, ұсақ еттерге капуста, шомыр қосылып, үстіне қаймақ құйыла отырып, мұқият араластырылады. Содан соң арнайы салат ыдысына салынып, екі бұрышына кішіректеу екі помидор қойылады. Жиектері ұзыншалап кесілген қияр және сақиналап кесілген пиязбен әсемделеді. Бетіне ұсақтап туралған көк жуа себіледі.
Жарияланған-2016-06-17 21:25:07 Қаралды-3799
ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан.
ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ

10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған.
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. О