КАРЛҰҚТАР
Категориясы: Тарих
Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі. Қарлұқ кағандығы (766-940 жж.) VIII ғасырда Жетісу жеріне ойысып, 940 жылға дейін өмір сүрген. Қарлұқтар қазақ керін - Жоңғар Алатауынан осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысына дейінгі аралықты жайлаған. Қарлұқ жерінің үлкен болғаны сонша, оны батысынан шығысына қарай кесіп өту үшін сауда керуені 30 күндей уақыт жүреді екен. Мұны араб саяхатшысы ибн Хаукал жазып кеткен.
Қарлұк билеушілері ежелгі Тараз бен Суяб қалаларын өздеріне астана еткен. Қарлұқ көсеміне «жабғу» лауазымы берілген. Олардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болған. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе малдарын ұстаған. Халықтың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысып, арпа, тары, бұршақ, атбас бұршақ өсірген. Өзге халықтарға қарағанда, бақша өсіруді жетік менгерген. Сонымен қатар сауда-саттық жасап, қолөнер кэсібіне де көңіл бөлген.
Қарлұқ елінде 25 қала мен қалашықтар тұрғызылган, оның ішінде: Исфиджаб қазіргі Сайрам), Тараз, Құлан, Мерке қалалары бар. Олар Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірінің экономикалық және мәдени дамуына, қалалардың гүлденуіне, сауда-саттықтың өркендеуіне ықпал еткен.
Жарияланған-2015-11-12 15:05:12 Қаралды-5494
ЕКІБАСТҰ3

Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.
БАЯН БАТЫР

Баян батыр қазақ-жоңғар шайқасына қаншама рет атой салып кірген. Жекпе-жек ұрыстарда жаудың талай батырын жер жастандырған. Осындай көзсіз ерліктері үшін халық «Батыр Баян» деп атап кеткен. Батыр Баян қалмақтармен болған ірі соғыста ағасы Сарымен бірге ше
БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.
ӘУЕДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС

Әуедегі ядролық жарылыс - жарқыл аймағы барынша жарқыраған сәтте жер бетіне (суға) жетпейтін жарылыс. Әуедегі ядролық жарылыс биіктігі ядролық қарудың қуатына байланысты жүздеген метрден бірнеше километрге дейіңгі аралықта болуы мүмкін.
ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.