ҚАРТА ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
Категориясы: Тағам
Қарта – жылқының тік ішегінің жуан бөлігі. Ол әуелі жыннан тазартылып, салқын сумен әбден жуылады, содан соң салқын жерге ілініп қойылады. Ыдысқа салып қойса бір–біріне жабысып, иістеніп кетеді.
Қартаны тұздап та, ыстап та сақтауға болады. Тұздап сақтау үшін оған ұсақ тұз сеуіп, 1–2 күн салқын жерге қойылады. Содан кейін екі ұшынан жіппен байлап, іліп қойып дегдітіледі. Ал ыстап сақтау үшін күні бойы немесе бір тәулікке жақын (12–18 сағат) түтінге ұстап ысталады. Ыстан болған соң 2–3 күн кептіріледі.
Қарта пісірерде салқын суға жақсылап жуылады. Қазанға су құйып, қанжылым болғанша қыздырылады да үстіне қарта салынады. Сөйтіп, баяу отта піскенше асылады.
Дастарқанға әкелерде өткір пышақпен дөңгелектеп кесіліп, жайпақ ыдысқа әсемдеп орналастырылады да үстіне пияз турап салынады, аскөкпен әсемдеуге де болады.
Құрамы: 100 грамм қарта, бір пияздың 1/5 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ, бір шай қасық аскөк.
Жарияланған-2016-05-27 13:32:41 Қаралды-14650
СУҒА ЖҮЗУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Суда жүзіп жүрген адамдарды бейнелейтін сурет осыдан 25 ғасыр бұрын салынған, ол Ливия шөлінен табылған.
БҮЛДІРГЕН ТҮРЛЕРІН ЕГУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ

Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын кө
КИРИЛЛ ЭЛІПБИІ

Кирилл әліпбиі (кириллица) - славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды.
АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»

Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті.