UF

ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

Категориясы: Тағам


Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады. Қазыны ішекке тығу, яғни айналдыру үшін жылқының екі жақ сүбе қабырғасы екі бөлек алынып, сырыққа немесе керілген жіпке ілінеді де 7–8 сағат сорғытылады. Бұл кезде қазы айналдыратын ішек те тұзды суға салынып қойылады. Қазының екі ұшы түйретілетін іскектер де алдын ала дайындалады. Сорғыған қазының қалың–жұқалығына қарай одан қанша қазы шығатыны көзбен молшерленеді. Өйткені қалың қазы етсіз, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Себебі қалың қазы жалпақ тілінсе, біріншіден, ішекке симай қалады, екіншіден айналдыруға келмейді. Соның салдарынан жылқының ішегінен артылып қалады. Айналдырылмаған қазы айналдырған қазыдан дәмсіз болады. Оның үстіне көп сақтауға келмейді. 

Сонымен қазы қабырғалардың басынан бастап қос–қос қабырға етіп, жұптап тілінеді. Қабырғалардың көлденең шеміршектері уілдіріктің арасынан саймалап, шығарылып отырылады. Қазы тілетін пышақ, өткір болуға тиіс. Әйтпесе қазыны ірітіп жібереді. 

Қазының тұзына қара бұрыш, үккішпен үгілген сарымсақ қосылады. Тұзы татымды болу үшін қазыны тұздау үстінде оны аударыстырып, әр тұсынан татып байқауға болады.

Тұздалған қазы сойылған малдың терісіне 2–3 сағат орап тасталады. Сонда қазы тұзды бойына жақсы тартады. Содан соң ішекке тығып айналдыра беруге болады. Айналдырып болғаннан кейін ішектің екі ұшы іскекпен түйреліп, жіппен байланады. Сөйтіп іліп қойып дегдітіледі. Содан кейін кептіріп, сүрлей беруге болады.

Қазы ыстап та сақталады. Ол үшін 10–12 градус температурада 3–4 сағат ұсталады да жел қақтырып, дегдітілед. Содан соң 50–60 градус температурада қою түтінге 12–18 сағат ысталады да жылылығы 12 градус жерде 4–6 сағат кептіріледі. 

Қазы асып пісіріледі. Ол үшін салқын сумен жуылған қазы шым–шым жылы су құйылған кастрюльде асылады. 

Піскен қазы тақтай үстіне салынып, дөңгелектеп қиялал кесіледі. Жайпақ ыдысқа әсемдеп орналастырылады да оның жиегіне дөңгелектеп туралған пияз немесе көк бұршақ салуға болады.

Құрамы: қазы айналдыру үшін 5 килограмм қазы, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ, дастарқанға қоярда 100 грамм қазы, 1 пияздың 1/4 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ.

  Жарияланған-2016-05-27 13:19:52     Қаралды-14913

Мәлімет сізге көмек берді ма

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМҰРТТАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алмұрттың жемісінде қант, пектин, илік, бояу заттар, алма және лимон қышқылдары, В1, С витаминдері бар. Бұл заттар адам тіршілігіне және организмдегі зат алмасу процесін жақсартуға өте қажетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН БИСКВИТ

...

Алдын ала дайындалған негізгі бисквит қамырына қуырылған, ұсақтап туралған, ет тартатын машинкадан өткізілген немесе келіге түйілген жаңғақ (фундук немесе самырсын жаңғағы) қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

...

Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам де

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЫШАЛДА

...

Сабын-тамырмен және жұмыртқамен араластырып, көпіршітіп шайқалған қант шырыны осылай аталады. Түсі ақ, қоюлығы кремнің қоюлығындай. Белок ретінде жұмыртқа белогы қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҢҚҰРАЙДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Таңқурай жидегінде қант, пектин, илік, бояу заттары, лимон, алма, құмырсқа және салиция қышқылдары, фосфор, калий тұздары, С1, Р витаминдері және А провитамині болады. Жабайы өсетін таңқурай - адам организміне керекті тағамның бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »