АТАҚТЫ ХИМИКТЕР
Категориясы: Ғылым
Химия ғылымын зерттейтін және түрлі химиялық реакциялар мен химиялық заттармен жұмыс істейтін адамды химик деп атайды. Химик әр түрлі қосылыстардың қасиеттерін, құрамы мен сипаттамасын зерттейді. Химиялық заттарды, феномендер мен химиялық заттар әлемінің түсініктерін ашқан көптеген химиктердің аттары тарихта жазылған. Ежелгі Мысырда ұлы химиктер муммификация техникасын анықтаған. Ұлы химиктердің кейбіреулері туралы төменде жазылған.
МАРИЯ КЮРИ
Поляк химші Мария Кюри 1867 жылы 7 қарашада Ресей империясының Варшава қаласында дүниеге келген. Ол «радиоактивтік» атауын алғашқы болып енгізген. Мария Кюри күйеуі Пьер Кюримен бірге «радий» әлементін ашқан. Бұл жаңалық нәтижесінде жаңа ғылым басталды және көптеген ауыр кеселдерді емдеу әдістері табылды.
НИЛЬС БОР
Атақты химик Нильс Бор 1885 жылы Данияның Копенгаген қаласында дүниеге келген. Ол 28 жасында атом құрылымының тиімді моделін мен теорияны ең алғаш болып енгізген. 1922 жылы Бор атом құрылымын зерттегені үшін физикадан Нобель сйлығына ие болды. Ол ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдануды зерттейтін салада да жұмыс істеген.
ДЖОН БЕННЕТТ ФЕНН
Американ химигі Джон Беннет Фенн 1917 жылы 15 маусымда Нью-Йорк қаласында дүниеге келген.
Ол 2002 жылы биологиялық макромолекулалардың анализі мен идентификациясын жасау үшін қолданылатын электр ыдыратудың иондану техникасын дамытудағы үздік жетістіктері үшін Нобель сыйлығына ие болды.
РОБЕРТ БОЙЛЬ
Роберт Бойль - Ирландияның Лисмор қаласында туған ойлап табушы және физик. Ол газдың кысымы мен көлемінің арасындағы қатынасты көрсететін Бойль заңын алғаш болып ұсынды. Бойль химияны алхимиядан бөліп, оны ғылымның бір саласы деп қарастырған. Роберт Бойль эксперименттік ғылымның атасы болып саналады.
АЛЬФРЕД НОБЕЛЬ
Альфред Нобель 1833 жылы Швецияның Стокгольм қаласында дүниеге келген. 16 жасында ғылыми білімді химикке айналған. Ол нитроглицерин өндірісімен айналысып, динамитті ойлап шығарған. Нобель кен өңдеуде, темір мен тас жол құрылысында, қолданылатын басқа да жарылғыш заттарды ашқан. Әр жылы физика, химия, психология, медицина, әдебиет және бейбітшілік салаларынан Нобель сыйлығы беріледі.
ЭРНЕСТ РЕЗЕРФОРД
Эрнест Резерфорд 1871 жылы Жаңа Зеландияның Нельсон каласында дүниеге келген. Оның ғылыми қызыгұшмлықтарының саласы радиоактивтілікті зерттеу болды және осы саладағы жетістіктері үшін 1008 жылы Нобель сыйлығыи алды. Оларды металл фольгасында шашырату бойынша тәжірибе жасап, атом құрылымын ұсынды. Ол протондардың бар екенін дәлелдеп, нейтрондардың болуын да болжаған.
Жарияланған-2016-05-17 19:02:25 Қаралды-17184
БАЛ ЖАҢҒАҚТАР

Балды жақсылап ерітіп, қантпен, ұнмен, содамен, маймен және ұнтақталған жаңғақтармен араластырып, қатты қамыр иленеді.
ШОЛАҚ БҰЛАҚ ҮҢГІРІ

Қазақстандағы осы уақытқа дейін белгілі болған үңгірлердің ішіндегі ең үлкенінің бірі - Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Шолақ бұлақ» үңгірі. Ол «Арқалық» ауылындағы Едірей тауының ішінде.
ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.
ЛИМОН ДОМАЛАҚТАРЫ

Ет тартатын машинкадан қуырма мен тазартылған жаңғақ жеке-жеке өткізіледі. Ет тартатын машина табылмаса оқтаумен ұнтақтауға да болады.