UF

НАУРЫЗ – КӨНЕ МЕЙРАМ

Категориясы: Табиғат


Бұл айда көшпелі елдің уміті мен күдігі кезек алмасып, итжығыс халде жүреді. Өйткені қыстан қиналып шыққан малдың бір борандық халі бар, оның өзін көтере алмауы кәдік. Немесе күтпеген жерден алтын күрек жылы жел есіп, қардың көбесі сөгіліп, сең бұзылып, жер қарайып қалуы да кәдік. Әйтеуір итжығыс болжам көп.

Сондықтан да наурыз айып «Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» дейді. Онысы түске дейін суық, түстен кейін қатқак жер жіби бастайды дегені.

Шаруа баққан қазақты қас-қабағына ең көп қаратқан ай - наурыз айы. Сондықтан да «жуанның жіңішкірер, жіңішкенің үзілер» кезі дейді бұл айды. Қыс ұзарып шелді жейтін, күн ұзарып түнді жеңетін «қараөзек» шақ - «ұзын сары» келді, енді «тоқты тоймас, шөміш кеппес» уақытта ұқыпты бол деп отырады көпті көрген қариялар.

Наурыз атауы парсының нау - жаңа, рұз - күн деген сөзімен төрқіндес. Сонда жаңа күн, жаңа жыл деген мағына береді. Қөптеген түркі халықтары сияқты қазақ халқы да жыл басын наурыз айынан есептеген. Наурыз мейрамында бидай көженің мол жасалатын себебі - осы жылы молшылық болсыншы деген сеніммен сабақтас. Наурыздың жыл басы саналуында астрономиялық негіз бар. Бұл айда күн мен түн теңеседі.

Қазақ тілінде мейрам сөзінің өзі наурыз айымен төркіндес. Мәселен ежелгі Иранда наурыздың екінші сыңары - күн мен түннің күзгі теңесуі кезіндегі тойды меран (мейрам) деп атаған.

Наурыз мейрамы қазақ жерінде ресми түрде 1926 жылға дейін тойланып келді. 1925 жылы 22 март күні «Еңбекші қазақ» газеті бұқара халықты наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен.

«Қыс өтіп, кар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Кұтты болсын бұл наурыз!» -

деп жазды. Қалай болғанда да қазақ даласының географиялық жағдайы үшін наурыз айы біреудің екеу болар, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар, тіршілік атаулының тірлік танытар мерзімі, жаздың басы.

Халық қуанышы қашан да түрлі дәстүрді дүниеге әкеліп отырған. Наурыз мейрамында қазақтардың бірін-бірі жыл басымен құттықтауы, қарттарға өгіздің шекесінің тартылуы, жастардың жеті түрлі дәмнен жасалған көже ішуі, сонсоң он мен күйдің тиегін ағытуы халықтың тұрмыс-тіршілігі, ұғым-сенімі тудырған дәстүр. Демек, наурыз мейрамы шаруа баққан халқымыздың өмір тіршілігіне ислам дінінен бұрын енді деуімізге негіз мол.

Бұл пікірді қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына қатысты мақал-мәтелмен де орнықтыра түсуге болады. Мәселен, алты ай қыстан ығыр болған Арқа елі «март тумай қыстан арылмайсың, құда кетпей даудан арылмайсың» дейді де, содан әрі «кетпен-шотың сайлы болсын, кер өгізің майлы болсын, жер ананың тоң кеудесі жібитін, тас емшегі иійтін шақ келді» деп еңбекке шақырады. Оған самарқаулық көрсетсең «бидайдың жамбасы тоңға тимей - елдің аузы нанға тимейді» деп асықтыра түсетіні тағы бар. «Наурыздың күні түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» депте сақтандырады.

Март айын ел арасында үт айы деп те атайды. Біздіңше марттың бұрынғы қазақша атауы үт. Тілімізде үт деген сөздің тағы бір мағынасы бар. Ол жер үйдің терезесінен, киіз үйдің шаңырағы мен туырлығындағы тесіктерден түсетін күн сәулесімен көрініп тұратын тозаң. Бір ғажабы, күн сәулесі қыс айларында да терезеден түскенімен ұсак тозаң көрінбейді. Ол тек наурыз айынан бастап қана үй ішінде сәулелі жолақ жасап тұрады. Бұл жолақ сәулені көргенде көне көз қариялар «Е, жарықтық үт те туды-ау!» - деп көңіл демдеп отырады.

Қазақтың есепші қарттары наурыз айының көптеген белгілеріне қарап келесі күндердің қалай өтетінін болжауға талпынған. Қазақстанның орталық, солтүстік өңірінде «Наурыз күні құмалақ карға бармақ бойы батса қырық күндік жерге арбамен шық, құмалақ қар бетінде қыдырып жатса қырық күндік жерге шанамен шық», - деп отырады есепші қарттар.

  Жарияланған-2016-04-21 18:20:45     Қаралды-3965

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТҰРЫМТАЙ

...

Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚАТТЫ?

...

Пионерлер металл сынықтарын жинаған кезде олар таудай ғып бір жерге үйгендері бір емес, екі түрлі металл екенін біле бермейді, өйткені олар түрі жағынан біріне-бір өте ұқсас.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

...

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТТІ БОЯУМЕН САЛУДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

...

Бізге дейінгі мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген ертедегі суретшілер үңгірдің қабырғасына, жартастарға... сонан соң өз денелеріне сурет салған екен

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)

...

Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »