БЕКТАУ АТА ҮҢГІРІ
Категориясы: Табиғат
Бектау ата үңгірінің кірер аузы едәуір кең. Оншақты қадам басқан соң үңгір іші кеңіп сала береді. Үңгірдің ұзындығы 60-70 қадам, биіктігі 5-10 метр болғандай, Солтүстік Балхаш жанында орналасқан. Бектау-ата мекенінде 100 шақ түрі өсімдіктер таралады, оның 45 өсімдік түрі сирек кездеседі, ал 8 Қызыл кітапқа енгізілген. Бектау-ата тауларда «Әулие» үңгірі қалыптасқан, ол қасиетті жер болып саналады, ал ағатын қайнар көз емдік су деп саналады. Бұрыштанып бітетін төргі түкпірінде тереңдігі бір метр шамасында тұщы су бар: Суы мейлінше суық, түбінде ағаш бұтақтары, арша сабақтары бар. Үңгірдің орта тұсынан асқанда төбесінен саңылау тесік көрінеді. Ішкі қабырғаның қара қошқыл бітімі бұл үңгірдің ұзақ уақыт адамға тұрақ болғанын аңғартады.
Бектау ата үңгірі туралы жергілікті жерде айтылатын аңыз-әңгіме көп. Соның қай-қайсысы да осынау орынның киелі екенін, әулиелі мекен екенін дәріптеуге саяды. Әрине, оған таң қалуға болмайды. Есте жоқ ескі заманда бажайлап, оның мәнін түсіне алмаған қарапайым халық үшін мұндай орын «құпия куші бар, әулиелі орын» болуды тіленіп тұрғандай еді.
Жарияланған-2016-04-20 18:06:41 Қаралды-5650
ТӨЛЕГЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ

Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы (1940-2001) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін ж
ШЕМАХЛИН МҰТТАҚЫСЫ

Ішіне тәтті заттар салып, ашытқы қосылған тоқаш қамырынан жасалған тағам осылай деп аталады.
13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.
БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.
ЖҮЗІМ НУГАСЫ

Туралған курага мен жүзімнен қайнатып жасалған төрт қырлы ұзыншалау кәмпит жүзім нугасы деп аталады.
БҰРЫНДЫҚ ХАН

Керей мен Жәнібек хандар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұрындық отырады. Бұрындык - Керей ханның үлкен ұлы, шамамен 1430-1510 жылдары өмір сүрген. Бұрындык хан билік басында отыз жылдан астам уақыт отырады.