ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Категориясы: Тағам
Қой бүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады. Қой бүлдіргенде қант, лимон, алма, хинин қышқылдары, темір, фосфор тұздары, А1, В2, С және Р витаминдері болады. Қой бүлдірген басқа жеміс-жидектерден бұрын піседі. Оның жемісінде темір, фосфор тұздары көп болғандықтан қан аздық ауруын емдеу үшін керекті дәрілік маңызы бар заттар болады. Сонымен қатар диабет, подагра ауруын, асқазан, бүйрек, бауыр ауруларын емдейтін заттар бар. Дизентерияға және ішектің сөлді қабаты ауырғанда ішкізеді.
Қой бүлдіргеннен кисель жасау. Жидектерді тазалап жуып, тор үстіне салып езеді. Қастрюльге 2,5 стакан ыссы су құйылады. Үстіне қант салып, араластырып тұрып қайнатады. Сироп әзір болғаннан кейін, оның үстіне, салқын суға езілген картоп ұнын құяды. Сонан кейін қайнатады. Оның үстіне езілген жидекті салады да, араластырып суытады. 1 стакан жидекке 0,75 стакан қант, екі ас қасық картоп ұны салынады, 2,5 стакан су құйылады.
Қой бүлдіргенді табиғи күйінде сақтау. Жидектерді тазалайды. Бұзылған жерің піспегенін алып тастайды. Салқын суға жуады. Сонан кейін оны әзірлеп қойған банкаларға салады да, үстіне өзінің шырынын құйып, қақпағын бастырып, ыссы суы бар кастрюль ішінде 80°-85° температурада 1 мин пастеризациялайды. Пастеризациялап болғаннан кейін ішіне ауа кірмейтіндей етіп қақпағын жабады.
Қой бүлдіргенді қантта сақтау. Тазалап әзірлеген жидектерді банкаларға салып, үстіне қант себеді (0,5 л банка жидекке 1 стакан қант салады). Қақпағын бастырып, кастрюльдегі ыссы су ішіне қойып 25-30 минут пастерилизациялайды. Сонан кейін қақпағын жауып салқын бөлмеге қояды.
Қой бүлдіргеннен сусын жасау. Езілген 1 стакан жидекке 0,75 стакан сүт құйып, бір ас қасық қант салып былғайды, аздап тұз салады, осы қосындыны салқындатқаннан кейін ішуге болады.
Қой бүлдіргенді кептіру. Қептірілген қой бүлдіргенді дәрі жасау үшін қолданады. Жидектерді жұқалап жайып күн казіне қойып кептіреді. Ең жақсысы пеште, ең әуелі 30-40° температурада, суы сорыққаннан кейін 50-60° температурада кептіреді. Қепкен қой бүлдіргенді кисель, компот жасауға, пирогты толтыруға қолданады.
Жарияланған-2016-04-12 15:37:10 Қаралды-5092
КӨКШЕТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

Көкшетау ұлттық табиғат саябағы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында орналасқан. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары, қалың қарағайлы орман кіре
ШЕКЕР-ЛУКУМ

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.
СҰЛЫ – АЯҚ ТЕРЛЕУДІ БАСЫНДЫРАДЫ

Халық медицинасында сұлының сабағынан тер шығаратын, несеп айдайтын, дене қызуын төмендететін, жел шығаратын дәрілер жасап пайдаланады.
ҚОЛ ДОБЫ

Қол добы спорт ойынының пайда болуы даниялық Нильсендер отбасындағы кездейсоқ жағдайға байланысты
ЖЕТІСУ

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.
ӨСІМДІК ТЕКТЕС ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар,