ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ВИТАМИНДЕР КӨЗІ
Категориясы: Денсаулық
Витаминдер - биологиялық жағынан өте сіңімді болатын, адамдар мен жануарлар организмдерінің тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 40-тан астам витамин түрлері белгілі. Адамның витамин алатын қорының басты көзі өсімдіктер. Олардың ішінде ең маңыздысы –А1, В1, В2, С, Р және РР витаминдері болып табылады.
А витаминін жеткілікті дәрежеде қабылдаған адамның организмі жұқпалы ауруға жақсы қарсы тұра алады. Егер адам организмінде А витамині жетпесе тыныс алу органы, асқазаны, ішектері және терісі жиі ауырады. Адамның жейтін тамағында А витамині жеткіліксіз болса, көзі нашар көреді, кейде көзінен мүлдем айырылады.
А витамині, әсіресе баланың бойы өсуі үшін өте қажет, сондықтан аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдің тамағында А витамині көп болуы керек.
А витамині балық және мал майында көп болады. Адам жемістен және жидектен каротин (А провитаминін) алады. Каротиннен адам организміне А витамині жасалады. А витаминінен ересек адам және 14 жасқа дейінгі бала бір тәулікте 1 мг, жүкті әйел - 2 мг, бала емізетін әйел 2,5 мг алуы керек.
В витамині (тиамин, аневрин) - нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Егер тағамдарымызда В1 витамині жоқ болса нерв, жүрек, қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылады. Жүйке ауруымен ауырған адам тез шаршайды, басы айналады. Тез ашуланып, бұлшық еті әлсірейді, асқазан ауырады. Нерв ауруларына шалдыққан адамдарға В1 витамині беріледі.
Ересек адам бір тәулік ішінде 2-2,5 мг, 14 жасқа дейінгі балалар – 1-1,5 мг, жүкті әйел 2 мг, бала емізетін әйелдер мен қол еңбегімен шұғылданатын адамдар - 3 мг мөлшеріне дейін В1 витаминін қабылдауы керек.
В2 витамині адамның барлық органдарының жұмысын реттеуге қатысады. Ол жеткіліксіз болса, адамның жалпы жағдайы нашарлайды. В2 витамині ашытқыда, ірі қара малдың бауырында, етте, жұмыртканың ақ уызында, сүттен жасалған тағамдарда, көкөністерде және жемістерде болады. Кептірілген, консервіленген, тосап жасалған жеміс-жидектерде В2 витамині жақсы сақталады. Адамға бір тәулікте 2 мг В2 витамині керек.
С витамині (аскорбин қышқылы). Қырқұлақпен ауырған адамдарды С витаминімен емдейді. С витамині жетіспеген адам қатты ауырады, тез шаршайды, басы айналады, ашушаң болады, жүрегі соғады. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды. Жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды. Ұзақ уақыт С витамині жетіспесе адам қырқұлақ ауруына шалдығады.
С витамині жемісте, жидекте, әсіресе, итмұрын, қарақатта көп, бір тәулікте жеңіл қол еңбегімен айналысатын адамға 50 мг, ауыр жұмыс атқаратын адамға 75 мг, бала емізетін әйелге 100 мг, жүкті әйелге - 75 мг, 7 жастағы балаға – 30-35 мг, 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға -50 мг С витамині керек.
С витаминімен қатар қолданылатын Р витамині бар (цитрин). Бұл витамин барлық ауруға да қарсы қолданылады. Р витамнні лимон, апельсин, қара қарлыған, алма, жүзім және шетен жемістерінде көп болады. Адам бір тәулікте 20-50 мг Р витаминін алуы керек.
РР витамині (никотин қышқылы). Бұл витамин пеллагра ауруының барлық түріне - бауыр, жүрек ауырған, қан тамырлары тарылған адамдарды емдеуге және ұзақ уақыт жазылмай жүрген жараларды жазуға қолданылады. Бір тәулікте ересек адам 15-25 мг, 14 жасқа дейінгі балалар 15 мг РР витаминін қабылдаулары керек.
Жеміс-жидектерде болатын витаминнің мөлшері өсімдіқтің өсетін топырағына, климат жағдайына, өнімдерді жинау мезгіліне және сақтау жағдайына байланысты. Яғни өсімдік құнарлы топырақта, жылы жақта өссе және жемістер толық піскеннен кейін жинап алынса, әрқайсысының өзіне тән сақтау әдісін мұқият орындағанда, оның құрамындағы витаминдерді толық сақтауға болады.
Жарияланған-2016-04-11 18:42:43 Қаралды-27451
КӨКБҰТА
Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.
ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ БҰТАҚТА ҰЗАҚ САҚТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді - деу дурыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады
ЗООМОРФТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлгасының сұлу бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді.
ЕРТІС БОЙЫ
Ертіс бойы өңірі Қазақстанның солтүстік-шығысымен ағатын еліміздегі ең ұзын өзен (1698 км) - Ертіс алабын алып жатыр. Ертіс бойында Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы орналасқан. Қытайдан бастау алатын (Зайсан көліне дейін «Қара Ертіс» дейді) бұл өзен е
ІНЖІР ОЙЛАСЫ
Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.
БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ
Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.