UF

ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Медицинада ит бүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады. Сонымен қатар жидегінің шырынына бал, талқан қосып пісіріп, туберкулезбен ауыратын адамға жегізеді. Ит бүлдіргеннің шырынын іш ауырғанда ішкізеді. Жапырағын шай етіп қайнатып, бауыр ауырғанда, бүйректе тас болғанда, аяқ қол іскенде, ревматизммен ауырғанда, ішектегі ауруды емдеуге қолданады. Ит бүлдірпен жапырағынан қайнатқан шай асқазанды, ішектерді дезинфекциялайды.

Ит бүлдірген жапырағын ерте көктемнен бастап күзге дейін жинап, қараңғы бөлмеде кептіреді. Ит бүлдірген жидегін шикі күйінде және пісіріп тамаққа пайдалануға болады.

Ит бүлдіргеннен тосап, джем, пастила, маринад жасалады. Шырыннан экстракт, сироп және сусын дайындалады. Олар ұзақ сақталады.

Ит бүлдіргенді сақтау. Жидектің құрамында бензой қышқылы көп болады. Сондықтан ол жақсы сақталады. Ит бүлдіргенді сақтау үшін іріктеп, тазалап алып, жуып емен бөшкеге салады да, оның үстіне өзінің шырынын құяды. Үстін таза тақтаймен жауып, үстін салмақты затпен бастырады. Жидек төмен түскеннен кейін оның үстіне тағы да жидек салады да, ыдысты ауа кірмейтін етіп жақсылап жабады.

Сондай-ақ ит бүлдіргенді шағын ыдыстарда да сақтауға болады. Піскен жидектерді таңдап алып, суық сумен жуып, оны әзірлеп қойған банкаларға салып, үстіне қайнаған су құйып, аузын бастырып, 0,5 л банканы 10 мин, литрлікті 12 мин стерилизациялайды. Стерилизациялап болғаннан кейін аузын берік етіп жауып суытады.

Ит бүлдіргеннен компот жасау. Піскен жидектерді таңдап алып, суық сумен жуып, сонан кейін кептіру үшін металл тор үстіне салады. Суы ағып болған соң шыны банкаларға салып, үстіне ыссы сироп құяды. Банкаларды 90° температурада 20 минут пастерилизациялайды. Сироп жасау үшін 1 литр суға 650 г қант салынады.

Ит бүлдіргенді сиропта сақтау. 1 кг жидекке 300 г қант салып, оның үстіне 2 стакан су құйып, лимон қосып, қайнатып сироп жасайды да, оны суытады. Піскен жидектерді таңдап алып, суық сумен жуып, тазартып жуылған шыны банкаларға салады. Суыған сиропты оның үстіне құяды. Банкалардың аузын пергамент қағазбен жауып, байлап, салқын бөлмеде сақтайды. Сиропта сақтаған ит бүлдіргенді қуырылған етке, әсіресе құс етіне қосып жеу үшін дастарқанға қоюға болдды.

Ит бүлдіргенді қантта сақтау. 1. Тазалап, жуып алынған жидектерді банкаларға салады. Оның үстіне ұнтақталған қант салып араластырады. Банкалардың аузын металл қақпақтармен жабады да, суы бар кастрюль ішіне қойып, 20 мин стерилизациялайды. Кастрюльдегі су суығаннан кейін банкаларды алып, салқын, құрғақ бөлмеде сақтайды. 1 кг ит бүлдіргенге 700 г қант салынады.

2. Ит бүлдіргенді қантта тағы мынадай әдіспен сақтауға болады: тазалап жуып алынған жидектерді эмальды кастрюльге салып, үстіне су (1 кг жидекке 3-4 стакан су) құйып, әлсіз жалында жидектер жарылғанша қайнатады. Сонан кейін оны сүзіп, суын сорықтырып алады да, сүзіп алынған 1 литр шырынға 200 г қант, аздап корица қосып қайнатады. Суы сорығып болғаннан кейін жидектерді суытып қояды. Банкалардың аузын пергамент қағазбен жауып, құрғақ, салқын бөлмеде сақтайды.

Ит бүлдіргенге қант пен сәбізді қосып сақтау әдісі. Жидектерге іріктеп, тазалап алып суық сумен жуады. Сәбізді суға салып қойып, сонан кейін ағып жатқан суда щеткамен ысып жуып тазалайды. Ұштарын кесіп алып тастайды. Сонымен қатар жарақаттанған жерін, қабығын тазалап алады. Тазаланған сәбізді ұстақтап кеседі де, 10 минут қайнап жатқан суға батырып алады. Ал ит бүлдіргенді қайнап жатқан суға 2-3 секунд салып алады. Осыдан кейін ит бүлдіргенге, сәбізді, қантты қосып табаққа салып, 8 минут қайнатады. Әзір болғаннан кейін ыссы күйінде шыны ыдыстарға салып, қақпағын бастырып, 500 г банканы 15 минут, литрлікті 20 минут стерилизациялайды. Қақпағын мықтап жауып, құрғақ, салқын бөлмеде сақтайды.

Ит бүлдіргеннен сұйық тағам (суп) жасауға болады. 2 стакан тазаланған жидекті алып, оның үстіне ыссы су құйып, 2 алма және 2 алмұртты ұсақтап кесіп салып, бір сағат қайнатады. Піскен қоспаны езеді де, 3 қасық құмшекер салып, қаймақ құйып, жарты стакан асхана шарабын қосып, жазда салқын күйінде, қыста ыссы күйінде тағам етуге болады. Бірге жеу үшін піскен картопты бөлек береді.

Ит бүлдіргенді етпен бірге беруге әзірлеу. Тазалап жуып, суын сорықтырып алған жидектердің үстіне 2-3 рет ыссы су құйып пысытады. 1 кг жидекке 500 г қант сироп жасайды. Бір алманы 4-ке, алмұртты екіге бөледі. Ит бүлдіргенді, алманы немесе алмұртты ыссы сиропқа салады да, оған 2-3 түйір қалампыр, аздап корица қосады. 1 кг ит бүлдіргенге 200 г алма немесе 300 г алмұрт қосылады. Осы жолмен әзір болған қоспаны етпен бірге дастарқанға қояды.

Ит бүлдіргеннен тосап жасау. Жуып тазалап алған жидектерді ыдысқа салып, үстіне ыссы су құйып пысытады. Сонан кейін суынан айырып, құрғатып алып, табаққа салып, үстіне қант сеуіп, жарты стакан су құйып, 3 түйір қалампыр, лимон салып қойылғанша қайнатады. Дайын болғаннан кейін ыссы күйінде ыдыстарға салады да, суыған соң пергамент қағазбен аузын жауып, байлап, құрғақ, салқын бөлмеде сақтайды.

Бұл әдіспен дайындалған тосапты қуырған құс етіне және қой, сиыр етімен бірге дастарқанға тартуға болады. Бұл тосаппен пирогті де толтыруға болады. 1 кг жидекке 600 г қант, 0,5 стакан су керек.

Ит бүлдіргеннің шырынын алу. Піскен жидектерді таңдап алып жуып, эмальды ыдыстың немесе ағаш ыдыс бетіне тор қойып, оның үстіне жидектерді салып езеді де, сирек матадан істелген дорбаға толтырып, преспен шырынын ағызады. Алынған шырынды табаққа салып қоюланғанша пісіреді. Сонан соң оны шөлмектерге құйып аузын бекітеді де, салқын жерге қояды. Ит бүлдірген шырынына қант салуға да болады (1 шөлмекке 30 г қант салынады).

  Жарияланған-2016-04-11 17:54:58     Қаралды-4707

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАЛ ЖАҢҒАҚТАР

...

Балды жақсылап ерітіп, қантпен, ұнмен, содамен, маймен және ұнтақталған жаңғақтармен араластырып, қатты қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗ ШАҒЫЛЫСТЫРҒАН ОТТЫҢ ӘМІРШІСІ

...

Пісіргіштің қалай жұмыс істейтінін көрген адам, сірә да, жанарғы мен ауыр баллон арасын жалғап жатқан құлаштай- құлаштай екі резеңке түтікті байқаған болар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Катаев не туралы ойлады?

...

Агриппина Донцоваға (қазірде Дарья деген атпен әйгілі) мектепте «Валентин Петрович Катаев не туралы ойлады, «Жалғыз парус ағарды»

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

...

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАХМАТ ТАРИХЫНАН

...

Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒЫРЫҚ ҚАЙДА ТЫҒЫЛҒАН?

...

Шынында да, қызық, біздің ормандағы, таудағы, бос бөлмедегі айқайымызға құдды мазақ қылғандай қайталап үн қататын кім?

ТОЛЫҒЫРАҚ »