ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Категориясы: Тағам
Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.
Өрік шырынын алу әдісі. Толық піскен, зақымдалмаған, соғылмаған және құрт түспеген өрік жемістері таңдап алынады. Жеміс сагағын алып тастап, ағып тұрған су астына қойып жақсылап жуылады. Суы толық ағып болған соң, ішіндегі сүйегін алып тастайды. Сонан кейін кастрюльге 2 кг өрікке бір стакан су құйып 10 минут қайнатады. Піскен өрікті металл тор үстіне салып езеді. Бұл езілген өрік үстіне қант салынып сироп жасалады (1 литр сиропқа 250 грамм қант салынады). Алынған қосындыны 10 минут қайнатады. Ол осы күйінде ыссы су буына ұстап жылытып алынған шыны банкаларға мойнына 1-см жеткізбей құйылады. Банкаларды ішінде ыссылығы 70° суы бар кастрюльге қойып (банканы 0,5 литр болса 15 минут, литрлікті 20 минут қайнатып) стерилизациялайды. Одан кейін банкалардың аузын жылдам жауып, суыту керек.
Өрік шырынын стерилизацияламай-ақ жасауға болады. Ол үшін қайнатылған шырынды жылытылған банкаларға құйып, аузын тез жақсылап, жауып, одеялға 10 минут орап қойылады. Одан кейін банкаларды салқындатады.
Өріктен компот жасау. Өрікті жақсылап жуып, кесіп, сүйегінен, қабығынан тазалайды. Сонан кейін оны қайнаған ыссы суға салып, жұмсағанша қояды. Жұмсағаннан кейін өрікті сүзіп алып, банкаларға салып үстіне ыссы сиропты құяды. Бұрын әзірлеп қойған қақпақтармен банка аузын бастырып, ішінде ыссы суы бар кастрюльге салып (егер банкалар 0,5 литрлік болса 10-15 минут, литрлікті 15-20 минут қайнатып) 80°-90° температурада пастеризациялайды. Сироп жасау үшін 1 кг тазаланған ерікке 1 кг қант салып 1 стакан су құяды.
Өрікті кептіру әдісі. Өрік жемісі екі түрлі етіп кептіріледі: 1. Тұтас (сүйекшесімен) кептіру. 2. Курага егіп (сүйегін алып тастап, екіге бөліп) кептіру немесе қайса түрінде (сүйегін алып тастап, бүтін өрікті) кептіру. Кептірілген өрік бағалы тағам болып есептеледі. Өрік кептірілмес бұрын жуылады, сүйегін алып тастайды.
Сұйық етіп еріткен лимон немесе шарап қышқылының ерітіндісіне 10 мин салып қойылады (мұндай қышқылдар ерітіндісін әзірлеу үшін 1 стакан суға, 2 шай қасық кристалл түріндегі қышқыл ерітіледі). Ерітіндіден өрікті алып, електің үстіне бір қабат етіп орналастырып, шаң түспейтін жерге күннің көзіне қойып кептіреді. Кеш түскенде құрғақ бөлмеге кіргізіп қояды. Осы әдісті қолданғанда 4 күнде кеуіп болады. Өрік жақсы кепкеннен кейін 3-4 електегі кураганы бір елекке салып, көлеңкеге қойып әбден құрғатады.
Кептірілген жеміста тамаққа қолданар алдында суық суға жақсылап жуады. Ыссы суға жууға болмайды, себебі ыссы суда қош иісі, бірқатар органикалық заттары еріп кетеді. Кепкен өріктен компот әзірлеу үшін 40 грамм кепкен өрікке 20 грамм қант салынады. Кепкен өрікті ұзақ сақтау үшін, оны шыны немесе металл банкаларға салып, аузын жақсылап жауып, температурасы қалыпты бөлмеге қою керек. Өрікті бұлай сақтау оны пайдалануға және қолдануға өте қолайлы.
Жарияланған-2016-04-07 20:20:55 Қаралды-7868
ИТЕЛГІ
Ителгі - дүние жүзінде кең тараған құс. Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде мол ұшырасады. Ителгіні баптау, жалпы, қыран құсты қолға
БҮЙДАШ ХАН
Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды.
АЛМА АДАМНЫҢ ЖАСЫН ЖАСАРТАДЫ!
Соңғы жылдары Улыбританияның Норрич қаласындағы Тағам зерттеу институтының ғалымдары алманы тұрақты турде жеп жүру адам ағзасын жасартып өмірін ұзартатыны туралы өз жаңалықтарын жариялады.
АУРУ ТУҒЫЗАТЫН ГРИБТЕР
Ауру туғызатын грибтер - өсімдік текті өте ұсақ организмдер, олардың көбею жолы мен құрылысы бактерияларға қарағанда өте күрделі.
Баобаб қанша өмір сүреді?
Баобаб кң алдымен өзінің көлемімен әйгілі. Діңгегінің диаметрі 8 метрге жетеді. Сондай-ақ бұл ағаш ұзақ өиір сүретінін барлығы біледі. Бірақ, баобабтардың қанша уақыт өмір сүретіндігін дәл анықтау мүмкін емес. Оның жарамды сақиналары жоқ. Сондықтан бағала