БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ҮГІЛГІШ ҚАТТАМА
Категориясы: Тағам
Ұн мен қант араластырылып, кесек-кесек күйінде сарымай немесе маргарин, жұмыртқа (бір жұмыртқа ақ уызы бетіне жағуға қалдырылады), ванилин немесе ұсақ көзді үккішпен үгілген лимон цедрасы (қабығы) қосылады да қамыр иленеді. Ол домалақталып, үсті жабылады да 40 минут салқын жерге қойылады. Дайын қамыр 0,5 сантиметр қалыңдықта жайылып, дөңгелектеп ортасы ойып алынады. Алынған сақиналар табақшаларға салынады, шайқалған жұмыртқа ақ уызы жағылып, кесілген бадам немесе жаңғақ дәндері себіледі, сөйтіп духовкаға 10-15 минут пісіріледі. Дайын қаттаманың үстіне аздап қант ұлпасы себіліп, ыдысқа салынады да дастарқанға әкелінеді.
Бұл тағамды жасауға 400 грамм ұн, 150 грамм сарымай, 175 грамм қант, 2 жұмыртқа, 100 грамм бадам, дәміне қарай цедра мен ванилин жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-16 11:48:52 Қаралды-2863
ЛИНОГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Қазір сендер көріп отырған сурет тек аң және қара бояудан ғана тұрады. Бұл - гравюра. Бірақ ол ағаштан емес, линолеумнен ойылып көшірілген.
ҚАҒАЗДЫ ТАПҚАН КІМ?

Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен.
ТАҺИР ХАН

Таһир (Тайыр) - Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.
КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді.