ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР (ТРУБОЧКИ)
Категориясы: Тағам
Жұмсарған сарымай жақсылап шайқалып, араластырыла отырып оған қаймақ, содан соң аз-аздан ұн (норманың 50 проценті) қосылады. Сөйтіп қамыр илейді. Иленген қамыр столға салынып, үстіне қалған ұн қосылады да тағы он минут бойы біркелкі масса алынғанша иленеді.
Осы процеспен бір мезгілде ішіне салынатын жаңғақ та дайындалады. Бұл тазартылған жаңғақ дәндері ет тартатын машинадан өткізіледі де, қант, ұнтақталған кардамон немесе дөм қабық, бал қосып, бәрі мұқият араластырылады.
Дайын болған қамыр 50 грамнан бөлінеді. Әр бөлік бір шеті жалпақ болатындай жолақ етіліп жайылады, бетіне май жағылады. Үстіне арасына салатын жаңғақтар мен басқа да тәттілер салынып, жалпақ шетінен бастап түтікше етіп оралады. Олар жұқа табаға салынады да жұмыртқаның сары уызы жағылып, ыстық духовкаға қойып пісіріледі, Дайын болған жаңғақ түтікшелерінің үстіне кант ұлпасын себуге болады.
Бұл тағамды дайындауға 500 грамм ұн, 200 грамм қаймақ, 150 грамм сарымай жұмсалады. Ішіне салу үшін 300 грамм жаңғақ, 200 грамм қант, 100 грамм бал, дәміне қарай дәм қабық (корица) немесе кардамон, екі жұмыртқаның сары уызы керек.
Жарияланған-2016-03-15 19:08:32 Қаралды-2209
АҚ ТҰҢҒИЫҚ

Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.
АЛУА ӨНДІРУ

Біздің елімізде алуа ежелден өндіріліп келеді. Ол шығыстың тәтті тағамдарына жатады және құрамында 30-35 процент қант, 30-35 процент май, 15-20 процент шамасында азотты заттар болатын сіңімділігі жоғары өнім болып табылады. 100 килограмм алуаның калориялы
БАДМИНТОН ТАРИХЫНАН

Бадминтон - спорт ойынының отаны Индия елі бола тұрып, оның дүние жүзіне мәлім болуы, ағылшын герцогі Бофорттың есімімен байланысты.