UF

ШЫҒЫС ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН АЛМА ТАҒАМЫ

Категориясы: Тағам


Жаңғақ, бадам, жүзім және ваниль кремі араластырылып, жуылып, тазартылған алманың іші сол қоспамен толтырылады. Оны пісіруге арналған формаға май жағылып, алмалар салынады. Үстіне шарап құйылып, қақпағы жабылады да алмалар әбден жұмсарғанша бұқтырылады. Содан соң алмалар алынып, әрқайсысы қуырманың үстіне қойылады. Ал қуырманың үстіне мармелад қойып, бетіне ыстық шарап құю керек.

Ваниль кремі былайша дайындалады. 1/8 литр сүт ас қасық аз толмайтын картоп ұнымен, бір ас қасық маймен, 60 грамм қантпен, бір жұмыртқаның сары уызымен, 1-2 шымшым ваниль қантымен араластырылып, буға ұсталады да крем сияқты масса алынғанша бұлғанады. Содан соң әбден салқындатылып, шайқалады.

Бұл тағамға 6 үлкен алма, бір өлшем ваниль кремі, ұнтақталған 30 грамм жаңғақ, бадам, жүзім, 60 грамм май, 3/8 литр қызыл шарап, жұмсақ 6 қуырма, 1 ас қасық қарақаттан жасалған мармелад жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-15 18:55:28     Қаралды-2015

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОЛАҚ БҰЛАҚ ҮҢГІРІ

...

Қазақстандағы осы уақытқа дейін белгілі болған үңгірлердің ішіндегі ең үлкенінің бірі - Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Шолақ бұлақ» үңгірі. Ол «Арқалық» ауылындағы Едірей тауының ішінде.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

...

Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиғалар ән-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Әншілер мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Негізі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРАЗ МҰХАММЕД ДАСТАНЫ

...

Казақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі - «Жылнамалар жинағы». Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЦУКАТ ҚОСЫЛҒАН ШӘРБӘТ

...

Цукат қосылған помада-кәмпит массасы осылай аталады. Төрт бұрышты. Салмағы 4 килограмнан аспайды. Ылғалдылығы – 10-13 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРЕКШЕ НЫСАНДЫ АРАЛДАР

...

Біз айналадағы әлемге қарап, кейбір өзімізге таңғаларлықпен байқалатын нысандарды таныс бейнелерге ұқсастыруға келетін болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »