АНАР ШӘРБӘТІ
Категориясы: Тағам
Жас анардан сығып алынған шырын тот баспайтын ыдысқа құйылады. 1 стакан жылы суға қант езіледі. Олар шырынға қосылады да отқа қойылады. Қайнап болысымен оттан алынып, ванилин қосылады да, қақпағы нығыздап жабылып, бөлме температурасына дейін салқындатылады. Дастарқанға қояр алдында тоңазытқышқа қойып салқындатуға да болады.
Еттен және майлы тағамдардан кейін немесе тіпті асқазан-ішек жолдары қызметін жақсартатын тағам ретінде де пайдаланылады. Кейде тәбет ашатын, бойды сергітетін тағам орнына да жүреді.
Бұл тағамды жасауға 1 литр анар шырыны, 200 грамм қант, 1 стакан қайнатылған су, бір шымшым ванилин жұмсалады
Жарияланған-2016-03-15 18:44:18 Қаралды-2504
ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.
ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ

Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.
АЛМА СТРУДЕЛІ

Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.
МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде
БАКУ ПАХЛАВАСЫ

Бұл тоқаш қамырынан жасалатын тағам. Формасы қиғаш төрт бұрышты, ішіне алты қабат жаңғақ салынған және қант-бал шырыны сіңірілген.