ГУШИ ФИЛЬ (ТӘЖІКТЕР ӘДІСІМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚҰЛАҚШАЛАР)
Категориясы: Тағам
Ұнға жұмыртқа, май, сут, қант қосылып, ашытылмастан қамыр иленеді. Ол «демін алдыру үшін» 30-40 минут қойып қойылады. Содан соң грек жаңғағының үлкендігіндей етіліп домалақталады. Сөйтіп ол домалақтар тегістеліп жайылады, шелпек формасына келтіріледі. Шелпектің бір шеті қысылып, құлақша жасалады да қызып тұрған майға салынып пісіріледі. Аздап қоңыр тартқанша құырылады. Дайын болғаннан кейін үстіне қант ұлпасы және ұнтақталған пісте дәні себіледі.
Бұл тағамға 3 стакан ұн, 6 жұмыртқа, стаканның 3/4 бөлігіндей сарымай, 1 стакан сүт немесе жарты стакан қойылтылған сүт, стаканның 3/4 бөлігіндей қант, 2 стакан өсімдік майы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 18:37:16 Қаралды-2514
Ақ-қара фильмдерді қалай бояйды?

Соңғы кездері ескі ақ-қара фильмдерді бояу сәнге айналды. Бүгінгі таңдаақ-қара фильмдерді бояу технологиясы дамып кетті. Баяу процесі былай жүргізіледі: фильм санды форматқа ауыстырылады және бөлек кадрларға бөлінеді.
СҰЛЫ – АЯҚ ТЕРЛЕУДІ БАСЫНДЫРАДЫ

Халық медицинасында сұлының сабағынан тер шығаратын, несеп айдайтын, дене қызуын төмендететін, жел шығаратын дәрілер жасап пайдаланады.
ЦИФРЛАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі.
МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ

Малбағар Меңдіқұлов (1909-1986) - қазақ халқынан шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген.
ҚЫТАЙДЫҢ ШАЙ ЖАСАУ ТӘСІЛІ

Қытайда шай өсірілген бірнеше ғасырдың ішінде құрғақ шайды қарапайым қайнатудан бастап, шай экстрактысын ілезде ыстық суда ерітуге дейін шай демдеудің талай әдістері сынақтан өткізілді.