ВАНИЛИН ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ
Категориясы: Тағам
Кастрюльге сүт құйылып, қант және сарымай салынады. Бұқтырылған қоспа отқа қойылып түбі күйіп кетпес үшін араластырыла отырып, қоюланғанша пісіріледі. Салқын су құйылған стаканға бір тамшысын тамызғанда қоспа жайылып кетпей, жұмсақ түйіршік формасын сақтайтын болса ғана оны оттан алып, ұнтақталған жаңғақ дәндерімен және ванилинмен араластырылады. Жаңғақ қоспасы ыдысқа немесе жұқа табаға салынып (табаның эмальды болуы және алдын-ала оған май жағылуы тиіс), 2 сантиметрдей қалыңдықта жайылады. Содан соң жұмсақ күйінде төртбұрышталып кесіледі.
Бұл тағамды жасауға 300 грамм жаңғақ, 800 грамм қант, 125 грамм сүт, 45 грамм сарымай және 4 шымшым ванилин жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 17:59:36 Қаралды-2110
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ

Мынау Рембрандтың «Әулие әулет» атты картинасының көшірмесі. Жартылай қараңғы шағын бөлме. Сол жақта төбеде әлде бір мүйістен күн көзінің сәулесі түсіп тұр. Ол жас әйелдің беті мен құндақтағы сәбиге шашырапты.
МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ

Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады.
БЕКІРЕ

Бекіре (осётр) - аузы кіші, тұмсығы сүйір, дене тұрқы 2 м-ге, салмағы 12- 24, кейде 80 кг-ға дейін баратын көшпелі балық. Теңізде және оған құятын өзендерде өседі. Олар уылдырықтарын сәуір-мамыр айларында өзенге шашқаннан кейін теңізге қайта оралады.
СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ

Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.
СУХУМИ ПАХЛАВАСЫ

Ашытқы қосылған, ішіне бадам және алма салынып, қабатталған қант-бал шырыны сіңірілген тағам осылай деп аталады.
КҮНЖІТ КӘЗИНЕГІ

Арасында күнжіт дәні көп болатын, карамель сияңты төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты қатты, шыныдай жылтыр тағам. Дайындалуы бадам кәзинегіндей.