МЕЙІЗ ҚОСЫП, ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ТОҚАШ
Категориясы: Тағам
Салқын белок шайқалып, әбден көпіршітіледі. Оған аз-аздан қант себіледі (қантқа алдын-ала ванилин қосылады). Жүгері үлпегі, мейіз және көпіршітілген белок араластырылып, жақсылап майланады да қыздырылған жұқа табаға дөңгелек қасықпен салып, содан соң ол қызуы орташа духовкада 30-40 минут бойы ұсталады. Бұл кезде тоқаштар кеуіп, қызғылт тартады. Дайын тоқаштар табақтан қалақпен немесе өткір пышақпен алынады да ыдысқа салынады.
Бұл тағамға 150 грамм жүгері үлпегі, 5 жұмыртқа, 220 грамм қант, 200 грамм мейіз, 70 грамм май және 0,5 грамм ванилин жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 17:44:43 Қаралды-2989
Көздің көруіне пайдалы суреттер

Көзге сәбіз, қаражидек, көзге арналған жаттығулар және демалыстар пайдалы екендігі барлығына мәлім. Көздің көруіне жақсы әсер ететін ерекше суреттердің бар екендігін білесіздер ме?
АСЫЛ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ

Кірлеген алтын бұйымдарды сабын суға малып, тіс жуатын щеткамен ептеп қана ысқылайды.
ҚАРҒАЛЫ КЕНІШІ

Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған казына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған, ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе мүсінделген сақина, адамды ке
БҰРЫНҒЫ АРУЛАР ӨЗДЕРІНЕ ҚАЛАЙ КҮТІМ ЖАСАДЫ?

Сұлулық құпиялары әрқашан әйелдердің құпия қаруы болды, оларға басқаларды таң қалдыруға және өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.
ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ

Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.