ЭЙЕРКИХЕЛАХ
Категориясы: Тағам
Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.
Қамыр илеу процесі әдеттегідей. Дайын қамырдың ылғалдылығы 23-24 процент. Қалыңдығы 4-5 миллиметр етіліп жайылған қамырдың үстіне жұмыртқа жағылып, ені 40-45 миллиметрден келетіндей етіліп кесіледі де, артынан қиғаш төрт бұрыштап тағы кесіледі. Пісірместен бұрын қиғаш төрт бұрыш қамырға жұмыртқа жағылады. Пісіріп болған соң салқындатылған тағам астаушаларға салынып сауда орындарына жөнелтіледі.
Бір килограмм эйеркихелах жасауға 550,6 грамм жоғары сортты ұн, 220,3 грамм жұмыртқа, 220,3 грамм құм шекер, 220,3 грамм сарымай, 27,5 грамм жұмыртқаның сары уызы, 1,4 грамм тұз жұмсалады.
Эйеркихелахтың бір килограмында кемінде 70 данасы болады. Ылғалдылығы 11 процент, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 12 күн.
Жарияланған-2016-03-15 16:24:36 Қаралды-1837
КУЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ

Күлтегін ескерткіші 1889 жылы орыс археологиялық-экспедициясының басшылығымен Көкшін-Орхон өзенінің оң жағалауынан Кіші-Цайдам деген жерден табылған. Бұл ескерткіш Түрік империясының тарихы жайлы әңгімелейді.
КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.
ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.
НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.