Дәм қабық (корица) қосылған крандір
Категориясы: Тағам
Тоқаш қамырынан жасалатын тағамды шығыс халқы осылай атайды.
Алдын ала езілген май құм шекермен, көмірқышқыл аммониймен, жұмыртқамен және сірнемен біркелкі масса алынғанша араластырылады. Содан соң ұн қосып тағы да араластырылып иленеді. Қамырдың ылғалдылығы 17,5-19 процент, температурасы 18-20 градус болу керек.
Қамыр 20 грамнан домалақталып, созылады да (ұзындығы 190-210 миллиметрден) крандір формасына келтіріледі. Пісірер алдында қантқа дәм қабық араластырылып бір крандірге 1,5 грамнан келетіндей есеппен үстіне себіледі. Крандірлер май жағылған табақтарға салынып, пеш температурасы 240-260 градусқа жеткізіледі де 12-15 минут бойы пісіріледі.
Пісіріліп, салқындатылған тағам астына қағаз төселген астаушаларға салынады.
Бір килограмм крандір жасау үшін 562,3 грамм жоғары сортты үн, 224,9 грамм құм шекер, үстіне себетін 84,3 грамм шекер, 84,3 грамм жұмыртқа, 168,7 грамм - сарымай, 0,6 грамм көмірқышқыл аммоний, үстіне себетін 11,2 грамм дәм қабық және 16,9 грамм сірне жұмсалады.
Бұл тағамның түсі ашық қоңыр, крендель формалы болады. Үстіне қант пен қабық араластырылып себілуге тиіс. Ылғалдылығы 5-7 процент.
Жарияланған-2016-03-15 16:03:13 Қаралды-2866
ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.
ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.
ИКОНА ЖАСАУ ӨНЕРІ

Куликов даласында татарлар орыс әскерінің тегеурініне шыдай алмай, тырағайлап қаша жөнелді. Сан ғасырдан бері еңсесін көтере алмай келе жатқан Русь еркіндік алды. Жұрт монғол-татар үстемдіғімің дәурені өткеніне енді-енді көздері жете бастады.
ТАБАН

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қытайды Батыстан Орта Азия таулары мен шөлдер ұзақ уақыт бөліп тұрған.
ҚЫРҒИ

Қырғи - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оның түр-түсі де қаршығаға мейлінше ұқсас. Қырғидың дене тұрқы - 30-43 см, қанатын жайғандағы ұзындығы - 18-26 см, салмағы 120- 280 г. Ұябасары шәулісіне қарағанда кесектеу.