Жеміс-жидектерді өңдеп алынатын өнімдер
Категориясы: Тағам
Пюре - аздап қайнатылған және қорға арналған жеміс- жидек өнімдері, оның тек бір ғана түрінен жасалады.
Аздап қайнатылған жеміс-жидектер жеміс немесе жидек пюресіне қант немесе қант-сірне шырынын қосып, ылғалдылығын 31 проценттен асырмай қайнатылған жартылай дайын өнім.
Қорға арналған жеміс-жидектер жемістердің табиғи дәмі мен иісінің сақталуын қамтамасыз ететін технология бойынша хош иісті жемістер мен жидектерден дайындалады. Хош иісі аңқып тұратын жемістер мен жидектерден жаңадан дайындалған пюре стерильденеді немесе аздап қант қосып, ылғалдылығы 27-31 процентке жеткенше қайнатылады немесе құм шекермен 1:1,5 және 1:1,2 қатынаста араластырады.
Қорға арналған жеміс-жидектердегі құрғақ заттардың жалпы мөлшері - 3 процент ауытқи отырып, рецептідегі шамасына сәйкес келуі керек.
Консервіленген жеміс-жидек өнімдерінде қорғасын тұздары болмауы тиіс, қалайы мен мыс тұздары және консерванттардың мөлшері өнімнің әр түрі үшін сапалық документтер арқылы (Мемлекеттік стандарт, республикааралық стандарт және республикалық стандарт) шектеледі.
Жеміс пен жидектердің өңдеуден алынған өнімдері ағаш ыдыстарға, полиэтилен қаптарға (фанерден жасалған ыдыстарға), шыны бөтелкелерге, лак жағылған қаңылтыр банкілерге салынады. Пюрелер сыртқы атмосфералық жағдайлар әсер етпейтін оқшауланған бөлмелерде сақталады. Сақтауға ең қолайлы температура 1-2 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-80 процент.
Жарияланған-2016-03-15 14:43:45 Қаралды-5370
ВАНИЛИН ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ

Кастрюльге сүт құйылып, қант және сарымай салынады. Бұқтырылған қоспа отқа қойылып түбі күйіп кетпес үшін араластырыла отырып, қоюланғанша пісіріледі.
БЕРЕН САУЫТ

Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.
ТӘУКЕ ХАН

Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҮЗІМ СОРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Жүзімнің қазіргі қолданылып жүрген, аудандастырылған сорттары ұсынылады.
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.