АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Категориясы: Тағам
Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады. Содан соң тесігі жиі елекке салынып, ботқасы сығылып алынады да шырыны қоюланғанша қайнатылады. Қант қосып, үздіксіз араластыра отырып қоюландырылады. Дайын болған кәмпитке туралған жаңғақ дәндерін салуға болады. Жұқа табаға алдын-ала май жағылған пергамент төселеді. Оның үстіне ыстық кәмпит жағылады. Біркелкі жылы духовкаға қойылып, баяу кептіріледі. Жақсы кептірілген кәмпиттің қағазы алынып, қабаттап оралады да таза банкіге салынады.
Бұған 2 килограмм алма пюресі, 250 грамм қант жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-11 14:58:59 Қаралды-2733
ИТСИГЕК

Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді.
ДЕНЕҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Үйге таза ауа молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.
ҚҰРМА САМБУГЫ

Жуылып, 4-8 бөлікке бөлінген құрма сүйектері алынып тасталып, үстіне аздаған су құйылады да 10-12 минут бойы қайнатылады.
АРША

Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.
СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ

Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.