ҚАБАТТАЛҒАН ПОМАДА-ЖЕМІС ТОРТЫ
Категориясы: Тағам
Дайын қамырдан көлемі 25 х 25 сантиметр төрт бұрыш формалы тең үш шелпек жайылып, майланған жұқа табаға салынады. Пышақтың ұшымен бірнеше жері тесіледі де пеш температурасын 210-220 градусқа жеткізіп, 25-30 минут бойына пісіріледі. Пісіріп болған соң үш шелпек те қалың етіп жағылған тосаппен немесе повидло мен джемнің бірімен бір-біріне жабыстырылады. Торттың бетіне помада, жан-жағына қалың етіп повидло жағылып, ұсақ қиқымдары үстіне себіледі. Торттың беті жемістермен, цукаттармен, тосаптармен және сілікпемен әсемделеді.
1300 грамдық тортқа 2 стакан ұн, 1 стакан таза джем немесе повидло, алты ас қасық қанттан тұратын помада, 1 стакан жас немесе консервіленген жеміс, 2 стакан құм шекерден істелген сілікпе жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-11 13:51:59 Қаралды-2951
СУРЕТШІ ИЛЛЮСТРАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

Біз суретті кітапты ашып қарағанымызда, басқа бір әлемге тап болғандай әсер аламыз. Әлгі суреттерде өлі кейіпкерлер тіріліп, кітапта айтылатын оқиға өткен ел мен жер қаз-қалпында сайрап көз алдымызда тұра қалады.
МИНЕРАЛДАР

Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.
ӘЛІШЕР НАУАИ

Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.
АЛЬПИНИЗМ ТАРИХЫНАН

Тауға қарап тамсану, оның басына шығу - адам баласының ізгі арманы, болғаны біздің бәрімізге мәлім қасиет.