UF

Бал қандай болуы керек?

Категориясы: Тағам


Шығыстың кейбір тағамдарын жасағанда оларға өзіндік дәм және хош иіс беру үшін бал қолданылады.

Алу әдісіне қарай бал центрден тепкіш және кәрезді, қою-сүйықтығына қарай сүйық және тұнған (қанты көбейген), түсіне қарай ақ, ашық сары, күңгірт сары, шығуына қарай гүл және шіре (шырша, самырсын жапырақты, қылқан жапырақты ағаштардыкі) балы деп бөлінеді.

Суының мөлшері 20 процентке дейін жететін бал әбден жетілген бал деп есептеледі. Республикалық техникалық шарттарға байланысты центрден тепкіш арқылы алынған ара балы мынадай талаптарға жауап беруге тиіс.

Түсі янтарь реңдес, ақтан қызғылт реңді күңгірт қоңырға дейін ауытқиды. Бұл гүлден алынған бірінші сортты балға тән түс.

Дәмі мен хош иісі жөнінен бірінші сортты бал тәтті, гүлдердің жағымды хош иісі білініп тұрады. Екінші сорт - шіре балы тәтті, карамель дәмді болады. Қоюлығы жөнінен бірінші сортты (гүл балы) бал да, екінші сортты бал да сүйық күйден жұмбаздалған, пышақпен кертіп алатын күйге дейін жетеді. Кристалдануы (тұнуы) жөнінен ұсақ күйден қаттылығы әр түрлі ірі дәнді күйге дейін ауытқиды. Су мөлшері бірінші сортта 22 проценттен аспайды. Екінші сортты балға бұл жөнінде норма белгіленбейді. Сахарозасының мөлшері бірінші сортты балда 8,0 проценттен, екінші сортты балда 10 проценттен артпайды. Қышқылдығы (алма қышқылына шаққанда процент есебімен) 0,33 проценттен аспайды, ал екінші сортты бал бұл жөнінен нормаланбайды. Құрамында ауыр металдар тұзы - қорғасын тұзы болмауы керек. Бір килограмм өнімде қалайы тұзы 200, мыс тұздары 10 миллиграмнан аспауға тиіс (балдың екі сортында да осылай.) Минералды қоспалардың да болмауы қажет. 50 градусқа дейін қыздырылған бал көзінің мөлшері 1 миллиметр темір тордан қалдықсыз сүзілетін болуы керек.

Балды ашытуға ішіне ара, оның қанатын не басқа мүшелерін, сондай-ақ личинкаларын, жұмыртқаларын, басқа да бөгде қоспаларын жіберуге болмайды.

Балды таза, жақсы желдетіліп тұратын, құрғақ, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 75-80 процент бөлмеде сақтау керек. Күшті, өзіндік иісі бар заттардан балды бөлек қою қажет.

  Жарияланған-2016-03-11 11:49:13     Қаралды-3473

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕҢ ҮЛКЕН САН БАР МА?

...

Бір кездері адамдар соңғы нөмірге ие болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРІН КҮТІМІ

...

Кісінің тұла бойындағы ең бір нәзік мүшесі - ерін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ

...

Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КЕКСІ

...

Ұн еленіп, ысқыштан өткізілген грек жаңғағымен және жүзіммен араластырылады. Белок әбден көпіршігенше шайқалып, аз-аздан қант ұлпасы қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕРТКІШ

...

Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫТАЙДЫҢ ШАЙ ЖАСАУ ТӘСІЛІ

...

Қытайда шай өсірілген бірнеше ғасырдың ішінде құрғақ шайды қарапайым қайнатудан бастап, шай экстрактысын ілезде ыстық суда ерітуге дейін шай демдеудің талай әдістері сынақтан өткізілді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »