ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН БИСКВИТ
Категориясы: Тағам
Алдын ала дайындалған негізгі бисквит қамырына қуырылған, ұсақтап туралған, ет тартатын машинкадан өткізілген немесе келіге түйілген жаңғақ (фундук немесе самырсын жаңғағы) қосылады. Оны жұмыртқа-қант массасын шайқап бола бергенде, оған ұн салар алдында қосқан дұрыс. Әр үш жұмыртқаға жарты шай қасық жаңғақ қосылады.
Дайын қамырдың ішінде қант түйіршіктерінің болмауы, жаңғақтар әбден әрі тегіс араласуы керек.
Бұл бисквит қамыры да негізгі бисквит қамыры сияқты етіліп бөлініп, пісіріледі.
Шикізат әркімнің қалауынша салынады.
Жарияланған-2016-03-10 14:36:43 Қаралды-3942
ТАРЫ ТАЛҚАНЫ

Тарыны талқандап, сары-маймен, қант ұлпасымен араластырып, бұлғау керек. Бұл тағам көбінесе шай дастарқанына қойылады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ҚАРЫНДАШ

Тас дәуірінің адамы үңгірдің ортасында жанып жатқан оттың шет жағында сөнген шала көмірді ала сап, тас қабырғаны алғаш рет сызып көрген күнді қарындаштың жарыққа келген күні деп есептеуге әбден болады.
БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)

Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет.
ПАННО МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ

Панно монументтік бейнелеу өнерінің шығармасына жатады. Ол негізінен үйдің ішкі не сыртқы қабырғасын безендіреді. Ол да картина сияқты кенепке бояумен салынады.
ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

Ауыр жұмыс мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді.